Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балабақша – бақыт ұясы

Балабақша – бақыт ұясы

Әйтеке би кентіндегі «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасы 2014 жылдан бастап бүлдіршіндерге тәлім-тәрбие беріп келеді. Типтік жобада 280 балаға арналып салынған балалар ордасында 11 топта 250 бала тәрбиеленуде. Балабақшада 32 педагог және 37 техникалық қызметкер жұмыс істейді.
Бала жанының бағбанына айналған ұстаздар қауымының басым көпшілігі жоғары санатты, білікті мамандар. Бүлдіршіндерге патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын, салауатты өмір салтына сай, болашақтың тірегі болатын дені сау, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеуде педагог ұйымдастырушы, педагог-психолог, дене шынықтыру нұсқаушысы, музыка жетекшісі, би жетекшісі жұмыс істейді. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін инклюзивті ортаны қалыптастыру мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған «Жол картасы»бағдарламасы аясында облыстық бюджет есебінен 2020 жылы логопед кабинеті ашылып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, қазіргі таңда логопед маманы жұмыс жасауда.
Осы уақыт аралығында балабақшада педагогтарының озық іс-тәжірибелерін аудан, аймақ, облыс көлеміне тарату жұмыстары жүргізілді. Тәрбиешілердің шығармашылық шеберлігін шыңдау, педагогикалық тәжірибесін көпшілікке тарату, мектепке дейінгі балалардың заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім, білік дағдыларын меңгерту мақсатында Қызылорда облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен «Нәтижеге бағытталған білім беру моделі және педагог шығармашылығы» тақырыбында облыстық семинар болды. «Тәй – тәй технологиясының әдістемелік ерекшеліктері» тақырыбында облыстық және «Мектепке дейінгі ұйымда инновациялық технологияларды пайдалану негізінде білім сапасын арттыру жолдары» тақырыбында аудандық семинары жоғары деңгейде өткізілді. Өткен жылы «Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда заманауи технологияларды қолдану» тақырыбында онлайн режимінде шығрмашылық шеберхана ұйымдастырылды. Балабақша меңгерушісі Эльмира Жалпақбайқызы «Алпамыстың нәтижеге бағыт алған шығармашылық ізденістері» тақырыбында «Балабақшам – бақ ұям», «Балалық қиялдың ғажайып әлемі», «Ойна балақай», «Жетістік желкенінде» тақырыптары бойынша презентация жасап, балабақшада жүргізілетін жұмыс бағыттарымен жүйеге келтірген. Балабақша педагогтарының жаңашылдығын, кәсіби шеберліктерін ерекше. Бұған облыстық оқу орталығының директорының орынбасары Гүлнар Дихамбаеваның ұжымға деген алғаусыз алғысы дәлел.
Үнемі ізденіс үстінде жүретін ұжым педагогтары түрлі байқауларда бақ сынап, бәйгелерде жүлделі орындардан көрініп жүр. Соңғы екі жылдың өзінде түрлі іс-шараларда көзге түсіп, алғыс арқалады. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты бала – бақытты ел» атты республикалық акциясын өткізуге мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арасында өткізілген іс-шараға белсенді атсалысқаны үшін Алғыс хат және «Мың бұралған биші» номинациясы бойынша «Өрнек» би тобы жүлделі I орынмен марапатталды. Жетекші Айгерім Өтегеннің еңбегі ақталды. «Ертегі әлемі» атты бүлдіршіндер арасында өткізілген аудандық фестивальге қатысып, үздік өнер көрсеткені үшін «Сүйкімді балдырғандар»номинациясы «Ана тілің – арың бұл» тақырыбындағы өлеңдер, ертегілер, әңгімелерді мәнерлеп оқу челленджінің облыстық кезеңінен сертификат иеленді. «Мектепке дейінгі ұйымның жазғы сауықтыру-шынықтыру кезеңін ұйымдастырудың үздік іс-шара жоспары» облыстық сырттай фистивалінен жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. «Бақытты балалық шақ» атты балалардың асфальтқа сурет салу республикалық байқауының «Шығармашылық орындау» номинациясы бойынша арнайы дипломына қол жеткізді. «Үздік апталық циклограмма-2021» облыстық фистивалінің аудандық кезеңінде тәрбиеші Фариза Оңғарбайқызы мен «Үздік ән-әуез жетекшісі – 2021» облыстық байқауында музыка жетекшісі Меруерт Шапихова бірінші орын иеленді. Сонымен қатар Меруерт Сардарбекқызы «Үздік флипчарт сабақ» облыстық сырттай фистивалінен «Үздік флипчарт сабақ» номинациясына лайық деп танылды.
«Үздік логопед – 2021» облыстық байқауында логопед Ақерке Нұрдәулет екінші орын, ұжым «Ана тілің – арың бұл» атты өлеңдер, ертегілер, әңгімелерді мәнерлеп оқу республикалық челленджінде «Талаптың мініп тұлпарын» номинациясын иеленді. Өткен жылдың қорытындысымен Қызылорда облыстық білім басқармасының «Үздік ұйымшыл ұжым» номинациясын алуы балабақшаның басқалардан бәсі биіктігін тағы бір мәрте аңғартты. 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» республикалық балалар байқауында бүлдіршіндер үздік нәтиже көрсетті. ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесінің дамуы жолындағы жетістіктері мен ұрпағымызды тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін тәрбиеші Айнұр Жолмырзаева «Құрмет» грамотасын, Ф.Оңғарбайқызы «Үздік апталық циклограмма – 2021» аудандық кезеңінде екінші орын, А.Болат «Бақытты балалық шақ» республикалық конкурсының облыстық кезеңін Диплом, С.Тұрғанбай Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 жылдыққа 30 ойын» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойындар фестиваліне белсенділікпен қатысып, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен дамытудағы кәсіби шеберлігі үшін ҚР Білім және Ғылым министрлігі Грамотасын, А.Жолмырзаева Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесінің дамуы жолындағы жетістіктері мен ұрпағымызды тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін ҚР Білім және Ғылым министрлігі Құрмет грамотасын иеленді.
Биылғы жылда да бөбекжай-балабақша ұжымы жетістіктер қоржынын толтыруды бастап кетті. Р.Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай «Қазағымның бұлбұлы» республикалық балалар мен ересектер байқауына зор үлес қосып, шәкірттері жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін тәрбиешілер Ж.Кадирова, А.Нұртай, С.Тұрғанбай, Ф.Оңғарбайқызы, Б.Сержанова, Г.Алдажарова, А.Өтеген арнайы Диплом алды. Аталған байқауда «Би» номинациясы бойынша өнер көрсеткен тәрбиеленушілер Ә.Еркін, І.Талғат, І.Аралбек, Н.Жаңабай, Е.Нұржанов, Н.Алдоңғар, Т.Жанаралов, И.Құрманбай, Н.Алмас, М.Батырбек және «Көркем сөз» номинациясы бойынша өнер көрсеткен тәрбиеленушілер А.Еділ, А.Асылбек, А.Өмірзақова,А.Сұлтан І дәрежелі Дипломмен марапатталды. Көркем сөз оқып көзге түскен тағы бір топ тәрбиеленушілер Я.Садыков ІІ дәрежелі Диплом, Г.Төлеміс, Н.Алпамыс ІІІ дәрежелі Диплом иеленді. «Вокал» номинациясы бойынша тәрбиеленушілер А.Алмас І, А.Ерсайынқызы ІІ дәрежелі Дипломға қол жеткізді.
Өнерлі өрендер балалар жылы аясында ұйымдастырылған «Біз бақытты баламыз» республикалық іс-шарасында «Ана тілің - арың бұл» атты өлеңдер, ертегілер, әңгімелерді мәнерлеп оқу республикалық челленджінде «Талаптың мініп тұлпарын» номинациясы бойынша марапатталған балабақша мақтанышы Нұрмұхаммед Алпамыс аудан әкімінің «Алғыс» хатын алды. Нұрмұммедті өнерге баулып жүрген жетекшісі Айнұр Жолмырзаева.
– Біз ешқашан болдым, толдым демейміз. Керісінше, әр кез алға ұмтылып, заман талабына сай жан-жақты ұрпақ тәрбиелеп шығаруға күш-жігерімізді жұмылдырып келеміз. Баланың білімі мен тәрбиесінің іргетасы балабақшада қаланады. Осы ретте ұжымдағы кез келген қызметкер өзіне артылған жауапкершілік жүгінің салмағын сезінеді. Әр баланың қарым-қабілеті мен бейімділігі болады. Оны дер кезінде байқап, шыңдай білу тәрбиешінің басты міндеті. Тәрбиеленуші тұлға қылып қалыптастыру мен талабын ұштай түсу – басты талаптарымыздың бірі, – дейді бөбекжай-балабақша меңгерушісі Эльмира Нұрмағамбетова.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
27 тамыз 2022 ж. 859 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930