Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда орманшылар күні аталып өтілді

Қазалыда орманшылар күні аталып өтілді

Бүгін Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында орман шаруашылығы қызметкерлері күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Шараға осы салада ұзақ уақыт еңбек еткен ардагерлер мен бүгінгі таңда жұмыс жасап жүрген орманшылар қатысты.
Басқосуды аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтау сөз сөйлеп ашып, ізгі лебізін жеткізді.
– Орман – еліміздің баға жетпес байлығы, халықтың дәулеті, теңдесі жоқ экономикалық және экологиялық қорымыз. Қазақстанның шөлді аймағында орналасқан біздің аудан үшін орман шаруашылығының өз орны бар.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында еліміздегі экология мәселесі басты назарда болу қажеттігін атап өтті. Президенттің тапсырмасына орай экологиялық ахуалды жақсартуға бағыттылған жұмыстарды жоғары деңгейде атқару үшін қазалылық орманшыларға қолдау көрсетіліп келеді.
Биылдың өзінде аймақ басшысының қолдауымен Қазалы аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне вахталық автобус пен борттық автокөлік, 10 мотоцикл берілді. Орманшыларды қолдау шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, – деді аудан әкімі.
Мұнан соң Қазалы орман мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің орман шебері Қайрат Төлегеновке Қазалы ауданының «Құрмет грамотасы» табысталды. Сондай-ақ, бірқатар орманшылар аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Салтанатты шарада ардагер орманшы Нұрлан Мұстафаев орманшылардың атынан алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Шара соңында аудан өнерпаздары мереке иелеріне арнап ән шырқап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
"Қазалы"ақпарат
12 қазан 2023 ж. 435 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30