Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоршаған орта жанашырларының еңбегі еленді

Қоршаған орта жанашырларының еңбегі еленді

Экономиканы «көгалдандыру», қоршаған ортаны қорғау қағидатын іске асыру ел экономикасының орнықты дамуының іргетасын нығайтуға мүмкіндік берері анық.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе екендігін атап өткен болатын.
Қоғамдағы экологиялық құндылықтарды нығайтуға бағытталған «Birge – Taza Qazaqstan» экологиялық акциясын жүйелі түрде өткізу игі істің бастауы болмақ.
Осы орайда, экономиканы жасылдандыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша аудан әкімі М.Ергешбаевтың қатысуымен аудан әкімдігінде жиын болып өтті.
Аудан басшысы алдымен ауданның экологиялық ахуалын жақсартуға атсалысып жүрген орман шаруашылығы қызметкерлерін өткен аптада болған кәсіби мерекемен құттықтады.
- Туған жерді таза ұстап, көркейту – ортақ жұмыс. Қазақстанның шөлді аймағында орналасқан біздің өңір үшін орман шаруашылығының орны ерекше екені белгілі. Биылдың өзінде орман қоры жерлеріне 200 мыңнан астам сексеуіл көшеттері отырғызылған. Бұл жұмыстарды осы отырған Сіз бен біз әрі қарай жалғастыруымыз қажет, - дей келе аудан басшысы бұл бағытта ауданда көктем және күз айларында сенбіліктер, «Дүниежүзілік тазалық күні», «Таза өлке» және «Бүкіл Қазақстандық ағаш отырғызу күні» акциялары белсенді өткізіліп жатқандығын тілге тиек етті.
Бұдан соң аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме басшысының міндетін атқарушы Т.Мұхамбетов ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы хабарлама жасады.
Салтанатты жиында сала үздіктері Т.Оразалиевке ауылшаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісі, М.Махамбетов пен С.Ерімбетовке ауылшаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Құрмет грамотасы» табыс етілді.
Қарашеңгел ауылдық округі әкімі аппаратының №14 «Сәуле» бөбекжай-балабақшасы «Үздік мекеме ауласы», Абай ауылының тұрғыны К.Шалабаев «Үздік аула», Тапа елді мекенінің тұрғыны А.Жұмабеков «Үздік бағбан» номинацияларымен және туған жерді көркейтуге үлкен үлес қосып келе жатқан бірқатар сала мамандары мен бағбандар аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
27 қазан 2020 ж. 945 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930