Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қаңтардан бастап педагогтерді аттестациялау жеңілдейді

Қазақстанда қаңтардан бастап педагогтерді аттестациялау жеңілдейді

Енді мұғалімнің кәсіби деңгейі мен жетістігі оқушылардың жетістіктерімен тікелей бағаланады. Министрлік аттестациялау жүйесіне өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Педагогтерді аттестациялаудың жаңартылған жүйесі пилоттық режимде 2024 жылы қаңтарда басталады. Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев жүйенің қалай өзгеретінін түсіндіріп берді.
Комитет төрағасының айтуынша, педагогтердің білім деңгейі бойынша жеке лауазым санаты үшін бағалау критерийлері мен тиімділік көрсеткіштері әзірленді. Әр біліктілік санаты үшін белгіленген критерийлер қолмен тексеріліп, сараланды.
Сонымен қатар жұмыс тобының мүшелері сабақты бақылаудың автоматтандырылған түрін әзірлеп, оны сабақ барысында сынақтан өткізіп көрді.
"Атестатталатын педагог платформадағы өзінің жеке кабинеті арқылы аттестациядан өтуге өтінімді өз бетінше бере алады, мұнда интеграциялық әдіс қолданыла отырып, мұғалімнің жеке деректері, білім алушылардың оқу үлгерімі мен білім сапасы, олимпиадалар мен жобалардағы нәтижелері, біліктілікті арттыру курстары, ПББ нәтижелері және т.б. ақпараттар жинақталған. Сондай-ақ, педагогика мен оқыту әдістемесі бойынша тестілеу алынып тасталды. Педагогтің кәсіби шеберлігі тек оқытылатын пәні бойынша және ол өз санатын модератор мен сарапшы дәрежесіне көтеруге өтініш бергенде ғана бағаланатын болады. Жоспарланған жаңа өзгерістерге сәйкес, педагогтің жоғары кәсіби деңгейі мен табысты қызметі оқушыларының жетістіктеріне тікелей байланысты болмақ", - деді орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.
Педагогтерді аттестациялаудың жаңартылған жүйесі келесі жылдың қаңтарынан бастап Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында пилоттық режимде іске қосылады. Аталмыш жоба көктемде толықтай іске қосылады.
11 қазан 2023 ж. 317 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 141

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 134

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 122

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 124

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 126

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031