Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл 61 қытайлық елден шығарылған

Биыл 61 қытайлық елден шығарылған

Биыл көші-қон заңнамасын бұзған 61 қытайлық Қазақстаннан шығарылған. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, - деп хабарлайды massaget.kz
Министрдің орынбасары Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимге қатысты пікір білдірді.
"ҚХР визасыз режим жұмыс істей бастаса, екі ел арасында азаматтар ағыны артатынын түсініп отыр. Заңсыз көші-қонды бақылау үшін Қазақстан мен Қытай Үкіметтері қос елдің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификацияламақ. Біз келісімді ратификациялап, параллель жұмыс істей бастаймыз. Осы заңға қол қойылса, визасыз режим әрекет ете бастайды", - деді Игорь Лепеха Сенат кулуарында.
Сондай-ақ, ол көші-қон заңнамасын бұзу дерегіне тоқталды.
"Келісімге қол қойылса, Қытай азаматтары елімізде 30 күнге дейін заңды түрде жүре алады. 30 күн өткен соң шекарадан кіріп-шығу арқылы жарты жылда 90 күнге дейін бола алады. Қазақстанда заң бұзғандардың ісі сотқа жолданады. Сот шешім қабылдаса, сол бойынша жұмыс істейміз. Биыл 61 Қытай азаматы заң бұзғаны үшін елден шығарылды. Олардың арасында көші-қон заңнамасын бұзғандар, транзит арқылы өткенде, мерзімді сақтамағандар бар", - деді министрдің орынбасары.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан мен Қытай қос азаматтықпен бірігіп күреспек екені хабарланған еді.


05 қазан 2023 ж. 226 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 42

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930