Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан қай елдермен визасыз режим туралы келіссөз жүргізіп жатыр

Қазақстан қай елдермен визасыз режим туралы келіссөз жүргізіп жатыр

Қазақстан 26 елмен өзара визасыз режим енгізу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, визасыз режим туралы келіссөз жүргізіп жатқан елдер қатарында Австрия, Сауд Арабиясы, Сан-Марино, Бахрейн және тағы басқалары бар.
"Сонымен қатар азаматтары Қазақстанға электронды виза алуға өтініш бере алатын елдердің тізімін кеңейту, шақыру талабын алып тастау мәселелері де қарастырылып жатыр".
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі
Сонымен қатар БАӘ тұрғындарына жеңілдетілген виза беру мәселесі талқыланып жатыр.
"Қазақстан шетелдік саяхатшылар үшін қызық және министрлік еліміздің туристік әлеуетін толық ашуға, соның ішінде келетін туристер ағынын арттыру үшін жұмыс істеп жатыр. Оның үстіне министрлік қазірдің өзінде көші-қонды бақылауды жақсарту тетіктерін енгізеді. Мысалы, eQonaq ақпараттық жүйе".
ҚР МЖСМ ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева
Қазақстан тағы 26 елге визасыз режим енгізетіні 2022 жылдың 28 қыркүйегінде белгілі болды.
Бұған дейін бірқатар БАҚ Қытай мен Қазақстан арасында 30 күндік визасыз режим орнатылатынын жазған еді. Алайда, 2023 жылдың 17 сәуірінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров құжаттың әлі де талқылану үстінде екенін мәлімдеді.
2 мамырда Айбек Смадияров Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимнің артықшылықтары туралы айтты. Оның айтуынша, 2023 жылдың мамыр айында Сиань қаласында өтетін Орталық Азия-Қытай саммиті аясында 30 күнге дейін өзара визасыз режим туралы келісімге қол қойылады деп жоспарланып отыр
04 мамыр 2023 ж. 307 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 48

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 96

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 104

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 77

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 104

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 113

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031