Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Қытай қос азаматтықты анықтау бойынша келісті

Қазақстан мен Қытай қос азаматтықты анықтау бойынша келісті

Екі елдің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу жүзеге асырылады.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәжілістің жалпы отырысында қос азаматтық жайлы айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«Азаматтардың қос азаматтығы туралы ақпаратты тек олардың келісімі бойынша ғана береміз. Көбіне азаматтар мұндайға келісім бермейді. Бүгінгі келісімнің ратификациясы осы деректерді жедел алуға мүмкіндік береді. Қос азаматтықты анықтау туралы сұраққа тоқтасақ, бұл күнделікті жұмыс. Биыл 462 адам қос азаматтығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бірақ Қытай бойынша ондай анықталған жоқ», - деді Сәденов.
Мәжілісте «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.
Келісімді ратификациялау Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының көші-қон және қос азаматтыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті органдары арасындағы ынтымақтастық үшін құқықтық негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді. Келісім Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты көші-қон саласында ақпарат алмасу бойынша өзара іс-қимылды көздейді.
20 қыркүйек 2023 ж. 214 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 46

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930