Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұмаудан қалай сақтану қажет

Тұмаудан қалай сақтану қажет

ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова ЖРВИ және тұмаумен ауыру ахуалы туралы айтып берді, деп хабарлайды baq.kz
Оның сөзінше, жыл сайын республикада ЖРВИ-нің 3-4 млн жағдайы және тұмаудың 2 мыңға дейін жағдайы тіркеледі.
2023 жылғы тамызда республикада ЖРВИ-дің 359 770 жағдайы тіркелді. Бұл статистиканы былтырдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сыртқаттың 8%-ға өскені байқалады (330 244-тен 359 700 жағдайға дейін). Эпидемиялық маусым кезеңінде айына 500-ден 900 мыңға дейін ЖРВИ жағдайы тіркеледі, - деп айтты Роза Қожапова.
ЖРВИ – 10 тұқымдас (Ортомиксовирус, Парамиксовирус, Пикорновирус және т.б.) әртүрлі тұмаусыз вирустар тудыратын жіті респираторлық инфекция.
Тұмау – тұмау вирусынан туындаған тыныс алу жолдарының жіті жұқпалы ауруы. ЖРВИ мен тұмау адамдарға жынысы мен жасына қарамастан әсер етеді. Вирус адамнан адамға ауа тамшылары арқылы түшкіру немесе жөтелу арқылы, лас қолдар арқылы байланысумен беріледі. Инфекция көзі – клиникалық көріністері бар науқас адам.
ЖРВИ бірден басталады, көбінесе дене температурасының 37,5-38С жоғарылауымен, мұрынның ағуымен, тамақтың ауырсынуымен немесе қышуымен, түшкірумен және жөтелмен бірге жүреді. Аурудың инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 7 күнге дейін созылады. Тұмаудың басталуы жедел интоксикация синдромымен сипатталады, дене температурасының бірнеше сағат ішінде 39-40С дейін көтерілуі, маңдайдағы ауырсыну, бас айналу, әлсіздік, буындардағы, сүйектердегі және бұлшықеттердегі ауырсыну. Тұмау көбінесе айқын интоксикациямен бірге жүреді және ауыр асқынулар мен өлімге әкелуі мүмкін, - деді ол.
Егер ЖРВИ немесе тұмау белгілері пайда болса, ешқандай жағдайда өзін-өзі емдеуге болмайды. Науқастың, әсіресе жүкті әйелдердің, өмірінің алғашқы жылдарындағы балалардың, егде жастағы адамдардың жағдайын дұрыс объективті бағалауды тек дәрігер бере алады.
Аурудың алдын алу үшін мынадай профилактикалық шараларды қолдану қажет:
- салқын тиюден аулақ болу;
- қоғамдық көлікте баламен бірге жүруді және ойын-сауық іс-шараларына, дүкендерге және басқа да адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу;
- таза ауада көбірек серуендеу;
- жеке гигиена қағидаларын сақтау, қолды жуу;
- үй-жайларды жиі желдетіп, жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, оларды дымқыл түрде тазалауды жүргізу;
- витаминдер мен микроэлементтермен байытылған толық және теңдестірілген тамақтану;
- иммунитетті нығайту, спортпен шұғылдану және ағзаны шыңдау;
- жоғарғы тыныс жолдарының жедел және созылмалы ауруларын уақтылы емдеу;
- ЖРВИ мен тұмауға тән белгілер пайда болған жағдайда жергілікті дәрігерді үйге шақыру керек, өзін-өзі емдеумен айналыспау керек.
- дәрігердің ұсынысы бойынша тұмауға қарсы уақытылы вакцинация жүргізу.
28 қыркүйек 2023 ж. 167 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930