Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қазан айынан бері 1 млн-нан астам ЖРВИ жағдайы тіркелген

Қазақстанда қазан айынан бері 1 млн-нан астам ЖРВИ жағдайы тіркелген

Республикадағы сырқаттанушылық өткен жылдың осындай кезеңдегі деңгейде тұр.
Биыл 1 қазаннан бастап ел бойынша 1 млн 27 мың ЖРВИ жағдайы тіркелді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанова мәлімдеді, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
Оның айтуынша, жыл сайын қазаннан бастап сәуірге дейінгі аралықта жіті респираторлық-вирустық инфекциялармен (ЖРВИ) және тұмаумен сырқаттану маусымы басталады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) деректері бойынша алдағы эпидемиялық маусымда вирустың үш штамы өзекті болады – A(H1N1), A(H3N2) және B, олар 2022/2023 эпидемиялық маусымға арналған вакцинаның құрамына енгізілген.
«Республикадағы сырқаттанушылық өткен жылдың осындай кезеңіндегі деңгейде тұр. Тұмаудың 865 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 341. Қазақстанда тұмаудан басқа тұмауға ұқсас вирустар да таралуда. Басқа тұмауға ұқсас инфекцияларға 2300 жуық сынама тексерілді, оның ішінде 341 сынамада (15%) оң нәтиже анықталды, оның ішінде риновирус, РС вирус, парагрипп, коронавирус, аденовирус, бокавирус, метапневмовирус. Ағымдағы эпидемиялық маусымда тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына қол қойылды. Оған сәйкес медициналық ұйымдардың тұмауға қарсы иммундау науқанын өткізуге, тұмаумен және ЖРВИ-мен ауыратын науқастарды қабылдауға, сондай-ақ зертханалардың тұмауға және басқа ЖРВИ-ге зертханалық зерттеулер жүргізуге дайындығы қамтамасыз етілді», - деді Марал Рақымжанова.
09 қараша 2022 ж. 304 0

Ауданда ахуал тұрақты

19 сәуір 2025 ж. 72

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 73

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 71

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 66

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930