Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бұйрыққа қол қойылды: экология министрлігі киіктерді атуға кіріспек

Бұйрыққа қол қойылды: экология министрлігі киіктерді атуға кіріспек

Ақбөкендер Қазақстанда реттеуге жататын жануарлар тізіміне енгізілді. Экология және табиғи ресурстар министрлігі тиісті бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды sn.kz ақпарат порталы.
Ulysmedia.kz жазуынша, бұйрық бойынша саны реттелуге жататын жануарлардың тізбесіне өзгерістер енгізілген.
Ақбөкендерден басқа, тізімге қасқырлар, шибөрілер, қарғалар, үлкен корморанттар, жыланбас балықтар енді.
Тізімдегі жануарлардың саны халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа үй жануарларының ауруларынан қорғау, қоршаған ортаға зиян келтірмеу мақсатында реттеледі.
Бұйрық 2023 жылғы 6 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Еске сала кетейік, 2022 жылы экология министрі Серікқали Брекешев ақбөкендер фермерлердің егінін таптап жатыр деп мәлімдеген еді. Содан кейін ведомство «жануарлар санын реттеу шеңберінде» 80 мың ақбөкенді ату туралы шешім қабылдаған.
Бұл шешім қоғамның біршама сыны мен наразылығын туғызып, қазақстандықтар экология министрлігінің жоспарына қарсы петицияға қол қойды. Ақыры, іске президент араласып, министрге сөгіс жариялап, бастаманы тоқтатты.
26 қыркүйек 2023 ж. 179 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 112

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 101

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930