Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнеткерлерге қандай әлеуметтік көмектер алуға болады?

Зейнеткерлерге қандай әлеуметтік көмектер алуға болады?

Бұл туралы Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Мәлік айтты, деп хабарлайды el.kz ақпараттық агенттігі.
Ол келтірген ақпаратқа сәйкес, Астана қаласында 120 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Оның ішінде 106 807 адам жасы бойынша зейнетке шыққандар, 13 074-і – еңбек өтілі бойынша зейнеткерлер (әскери құрылымдар), 8-і - соғыс ардагерлері, 1473-і – тыл ардагерлері.
Жыл сайын санаторлық-курорттық емделуге 3 500 астам зейнеткер жіберіледі. Жыл басынан бері 3 357 адам жолдама алды, 2023 жылға 4298 адамды курортпен қамтамасыз ету жоспарланған. 1 қазан – Қарттар күніне орай зейнеткерлерге 2,5 АЕК мөлшерінде (8 625 теңге) бір реттік төлемдер төленеді. Екі жылда бір рет тіс протездеу, емдеу қызметтері бар. 2023 жылға жоспар 3 000 адам. Бүгінгі күні тіс протездеу және тіс емдеумен 1 529 адам қамтылған. Аталған қызметтерге тіркелу биылғы жылдың екінші тоқсанында жүргізіледі, - деді ол.
Өтемақы жылыту маусымына 16 айлық есептiк көрсеткiш көлемінде жүргiзiледi. Биыл 99 отбасына 5,4 млн теңге қарастырылып отыр.
Тұрғын үйді газдандыруға 448 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек, қалалық жолаушылар көлігі бағыттарында тегін жүру жеңілдіктері бар, - деді басқарма басшысы өкілі.
Айта кетейік, зейнеткерлерге жылына бір рет Щучинск-Бурабай курорттық аймағында, Қатаркөл көлінің жағасында ем алуға жолдама беріледі.
- жасы бойынша зейнеткерлер – жолдама құнының 25% пайызын төлеу арқылы (56 700 теңге).
- ең төменгі мөлшердегі зейнетақы алатын зейнеткерлер жолдама құнының 18% пайызын төлеу арқылы (40 824 теңге).
- соғыс ардагерлеріне, соғыс ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға – тегін.
26 қыркүйек 2023 ж. 199 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930