Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүгедектігі бар адамдарға 320 мыңнан астам қызмет көрсетілген

Мүгедектігі бар адамдарға 320 мыңнан астам қызмет көрсетілген

Қызметтер Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылды.
2023 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 253,5 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын 7,5 мың – ымдау тілі қызметін, 25,5 мың – жеке көмекшінің, 37,2 мың – санаторлық-курорттық емдеу қызметін алды, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.
Бүгінгі күні Порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 856 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 468 ОТҚ жеткізуші, 27 мыңнан астам жеке көмекші, 699 ымдау тілі және 104 санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.
«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар аясында қарастырылған.Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылған Портал бойынша комиссияларға жаңа өкілеттіктер беру көзделеді. Олар мүгедектігі бар адамдардың сапасыз тауар немесе қызмет туралы өтінішін 5 күн ішінде қабылдау және қарау, анықталған кемшіліктерді түзету мерзімдерін көрсете отырып, өнім берушіге хат жолдау және оның орындалуын бақылау; өнім берушіні Порталдан шығару және жосықсыз өнім берушілер тізіміне енгізу туралы шешім қабылдау», - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
02 тамыз 2023 ж. 200 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 24

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 20

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 26

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930