Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайсар жүректі өнерпаздар фестивалі

Қайсар жүректі өнерпаздар фестивалі

Әйтеке би кенттік клубында өмірдің сынағына мойымай, түрлі салада қызмет етіп, ән өнерін ерекше бағалайтын қайсар жандардың «Ізгі жүректен жан шуағын сыйла!» атты өнер фестивалі болып өтті.
Мерекелік шараны аудан әкімінің орынбасары Тлеумбетов Дәурен Оңғарбайұлы сөз сөйлеп ашып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қазалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бабанаев Совет Кеңесұлы, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі Әлімжан Қияс пен Әйтеке би кенттік клубының меңгерушісі Сүлейменов Нұрлыбек Байғараұлы өнерлі жандардың өнерін бағалайтын әділқазылар болды.
Орындаушылар «Баянауыл вальсі», «Өкініш» термесі, «Жолыққан қандай жақсы», «Мейірімді Алла», «Арыс жағасында», «Сыр елі», «Сенің көзің», «Жақсы адамдарым», «Сен мықтысың» әндері нақышына келтіре шырқап, көпшілікті сүйсінтті.
Кеш қорытындысында әділқазылар алқасының төрағасы С.Бабанаев қорытынды сөз сөйлеп, қатысушыларға аудан әкімінің орынбасары Д.Тлеумбетовтің арнайы номинациялары мен бағалы сыйлықтарын табыстады.
«Талантты әнші» номинациясы Қыстаубаева Әсияға, «Әуезді әнші» номинациясы Артықбаев Нұрбекке, «Дарынды жан» номинациясы Жадырасын Жақсыгүлге, «Өнерпаз сыйы» номинациясы Жеткерген Бектібайға, «Өнерлі жан» номинациясы Ерболатов Серікке бұйырды.
Қалған қатысушылар Тұрмағанбет Даража, Абдреев Болат, Жаппарберген Жаңабай, Рысмамбетова Ақнұр аудан әкімі орынбасарының Алғыс хаттары мен сыйлықтарын иеленді.
Фестивальге арнайы әншашуларын ала келген сазгер Шайыхов Серікбол мен 10 жастағы Нұрбекқызы Аяжанға да сый-сияпат берілді.
Айта кетейік, мерекелік шара Қазалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қолдауымен, Әйтеке би кенттік клубы мен "Сауал" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Қажырлы қайраттарымен, қайсар жүректерімен ауданның дамуына қосып жүрген өнерпаз жандарға және шараны өткізуге атсалысқан жандарға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс білдіреміз. Отбастарыңызда тек қана қуаныш пен жақсылық ұяласын, мереке құтты болсын!
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
22 қыркүйек 2023 ж. 138 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30