Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қар жауып, үсік жүреді

Қазақстанда қар жауып, үсік жүреді

Күз. Фото:depositphotos.com"Қазгидромет" синоптиктері 13, 14 және 15 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Болжамға сәйкес, Қазақстанда 13-15 қазан аралығында құбылмалы ауа райы күтіледі. Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, кей өңірлерде көктайғақ болады деп болжанады. Сондай-ақ жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.
Қар мен көктайғақ қай жерде күтіледі?
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. 15 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі.
Осы күні Қазақстанның шығысы мен солтүстігінде көктайғақ болады деп болжанады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Тек еліміздің орталық және оңтүстік аймақтарында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Температура қалай өзгереді?
Қазақстанның көптеген аймағында температура төмендейді деп күтіледі.
Солтүстік-батыста күндіз температура +10-нан +22 градусқа дейін болады.
Солтүстікте түнде -1…-6 градусқа дейін суытады, күндіз ауа +3…+13 градусқа дейін жылынады.
Орталықта түнде -6-дан +3 градусқа дейін, күндіз +4-тен +15 градусқа дейін болады деп күтіледі.
Шығыста түнде -5-тен +5 градусқа дейін, күндіз -1-ден +9 градусқа дейін болады деп болжанады.
Оңтүстік-шығыста түнде температура +5…+10 градус, таулы аймақтарда -2-ден +3 градусқа дейін болады. Күндіз +10…+22 градус, тауларда +5…+10 градус күтіледі.
Қазақстанда қазан айы қандай болады
Бұған дейін синоптиктер Қазақстандағы 2026 жылдың қазан айына арналған ауа райы болжамын нақтылаған болатын. Күздің екінші айы күрт суытумен, жаңбырмен және қармен басталады, алайда кейін елге жылымық оралады. Оңтүстікте кей кезеңдерде температура +30 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Толығырақ осы жерден оқыңыз.
12 қазан 2026 ж. 37 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031