Фракция отырысында Жолдаудағы маңызды бастамалар талқыланды
Бүгін аудандық мәслихаттағы фракцияның кезекті отырысында партиялықтар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылап, маңызды құжатты жүзеге асыру туралы кеңесті.
Іс-шараға партияның аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш арнайы қатысып, Жолдауда жоспарланған ауқымды, әрі нақты іс-шаралар туралы айтып өтті.
Іс-шараға партияның аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш арнайы қатысып, Жолдауда жоспарланған ауқымды, әрі нақты іс-шаралар туралы айтып өтті.
- Мемлекет басшысы кезекті дәстүрлі Жолдауында нақты әрі маңызды бастамаларды көтеріп, жұртшылықты алаңдатып отырған өзекті мәселелерді қамтыды. Сондай-ақ «AMANAT» партиясының тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыратын «Қарызсыз қоғам» жобасына жоғарғы баға берді. Енді партия жобаны Үкіметпен бірге бүкіл ел аумағында кеңейтіп, сапалы іске асырумен айналысады, - деді Ғазиз Әлмәмбетұлы.
Мұнан соң жиында «AMANAT» партиясынан сайланған Құмжиек ауылдық округі әкімінің сайлаушыларға берген уәделерінің орындалуы туралы ауылдық округ әкімі Әділхан Әбілов хабарлама жасады.
Өз кезегінде жиын қатысушылары ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуы, ауылдық округке қарасты елді мекендердің электр желілерімен қамтылуы және денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелерді қозғап, ұсыныс-пікірлерін айтты.
#AMANAT