Маңызды жолдауға партиялық қолдау білдірді

«Қазалы ВЧД-6 жол бойы» бастауыш партия ұйымында өткен жиында аудандық мәслихат депутаты, бастауыш партия ұйымының төрағасы Арғын Орымбаев кезекті Президент Жолдауы қоғамның маңызды мәселелерін шешуге бағытталған іс-шаралар кешені екенін атап өтті.
Сондай-ақ, халық қалаулысы Жолдаудағы «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы, көлік-логистика саласындағы мәселелердің шешілуі, бірқатар теміржол желілерін жаңғырту және маңыздысы «Қазақстан темір жолын» толыққанды көлік-логистика компаниясы етіп қайта құру жұмыстары жөнінде тарқатып айтып берді.
Бүгін осы мақсаттағы жиын «Шипагер» бастауыш партия ұйымында жалғасты. Басқосуға арнайы қатысықан аудандық мәслихат депутаты, бастауыш партия ұйым төрағасы Күншығар Әбілов Жолдаудың жарқын тұстары туралы сөз етті.
Өз кезегінде жиынға қатысқан партия мүшелері ел игілігі үшін жасалып жатқан игі істерді қолдауға әркез дайын екендіктерін білдірді.
#AMANAT
#Жолдау2023