Жолдау – дамудың жаңа кезеңі
«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру барысы туралы партия активімен кеңес өткізді.
Жиында партия Төрағасы Ерлан Қошанов Жолдауда өте ауқымды, нақты әрі кешенді іс-шаралар жоспарланып және жұртшылықты алаңдатып, толғантып отырған басқа да өзекті мәселелер толыққанды қамтылғанын айтып партияластарды жүзеге асыру үшін бүкіл қоғамның күш-жігерін жұмылдыруға шақырды.
Ел Президенті жаңа Жолдауында тұрғындардың әл ауқатын арттыру бойынша бірқатар маңызды шараларға тоқталды. Солардың бірі тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру. Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев партияның «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өтті. Расында бұл өзекті жоба. Қазіргі таңда еліміздегі 20 мыңан аса тұрғын жобаның көмегімен қаржылық сауаттылықтарын арттыруда.
Мемлекет басшысының Жолдауында барлық сала бойынша бағыт-бағдар айқындалып, нақты тапсырмалар жүктелді. Ендеше жаңа белестерді бағындыруға жетелейтін Жолдауды жүйелі орындау үшін барымызды салайық.
#Жолдау2023