Кезекті жолдау ауыл тұрғындарына насихатталды
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын насихаттау мақсатында Ғ.Мұратбаев ауылының тұрғындарымен кездесу өтті.
Жиынға аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев және аудандық мәслихат депутаты, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғазиз Әліш қатысып, жолдауда айтылған жайттардың түпкі мақсаты – тұрғындардың тұрмысын жақсарту, әл-ауқатын арттыру екендігіне тоқталып, осы секілді басқа да маңызды міндеттерді атап өтті.
Сондай-ақ кездесу барысында ауыл тұрғындары да өз пікірлерімен бөлісіп, ауыл үшін өзекті болып тұрған бірқатар мәселелерді баяндады.