Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Сәуле Айтпаева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Зағипа Яхияқызы Балиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінен босатылды.
Сәуле Мұханбедианқызы 1960 жылдың 22 мамырында Торғай облысы Жақсы кентінде дүниеге келген.
1977 жылы бұрынғы Торғай облысы Жақсы аудандық прокуратурасы кеңсесінің меңгерушісі,1978 жылы Жақсы аудандық комсомол комитетінің машинисі болып жұмыс істеген. 1979-1983 жылдары Свердлов заңтану университетінің «құқықтану» мамандығы бойынша оқуға түсті.
1984 жылы Ақмола қаласы Ленин аудандық прокуратурасының тергеушісі, 1985 жылы Ақмола облысы прокуратурасының ІІО-дағы тергеу мен анықтауды қадағалау жөніндегі бөлімінің прокуроры, 1988 жылы Ақмола облыстық прокуратурасы кадрлар жөніндегі прокурорының көмекшісі, 1992 жылы Ақмола облысы прокуратурасының ұйымдастыру-талдау бөлімінің прокуроры, 1996 жылы Целина көлік прокуратурасының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс жөніндегі аға прокуроры, 1997 жылы ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының (ҚСжАО) алғашқы есепке алу құжаттарын, есептілік және әдістеме нысандарын әзірлеу және енгізу бөлімінің бастығы, 1998 жылы - ҚР Бас прокуратурасының жанындағы ҚСжАО (Д) бастығының орынбасары - Астана қаласындағы статистика басқармасының бастығы, 1999 жылы ҚСжАО (Д) бастығының орынбасары ҚР Бас прокуратурасының жанындағы ҚСжАО (Д) статистиканы қалыптастыру басқармасының бастығы болды. 2001 жылы ҚР Бас прокуратурасының жанындағы ҚСжАО (Д) бастығының орынбасары, 2003 жылы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, 2005 комитет төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Мемлекет басшысының 2012 жылдың сәуіріндегі Өкімімен ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы болып тағайындалды.
«Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері»(2001) атағы бар,«Ерен еңбегі үшін» (2005), «Астананың 10 жылдығы»(2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл»(2011), «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» (2011) медальдарымен марапатталған.
13 маусым 2018 ж. 1 566 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 73

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930