Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кезекті жолдау – ел болашағы үшін маңызды

Кезекті жолдау – ел болашағы үшін маңызды

Парламент сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарына дәстүрлі Жолдауын жариялады. «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдау елдегі болып жатқан реформалардың бір тармағы. Осы ретте ел Президенті ең алдымен халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға тікелей әсерін тигізіп, бүгінгі күні жасалып жатқан кейбір шараларды атап өтті.
Атап айтқанда, елді мекендерде салынып жатқан денсаулық сақтау нысандары, «Жайлы мектеп» жобасы аясында мектептердің бой көтеруі, игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жерлердің мемлекет меншігіне қайтарылуы және тағы басқа жұмыстарға тоқталды.
Өздеріңізге белгілі, бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар аудан көлемінде де жүзеге асуда. Жанқожа батыр аулындағы орта білім беру ұйымы апаттық деп танылып, бүгінгі күні «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде жаңа мектептің құрылысы басталды. Ауданға қарасты «Сарыкөл», «Бозкөл» және Қызылқұм ауылдық округтерінің орталықтарында жаңа амбулатория құрылыстары қарқынды жүруде. Сондай-ақ «Жер аманаты» комиссиясымен аудан бойынша 31 489  га жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Кезекті Жолдауда Президент ауыл-аймақты дамытуда шағын шаруашылықтарды қолдау маңыздылығына тоқталды. Осы орайда «Ауыл аманаты» жобасының маңыздылығын айқындап, жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуіне жағдай жасалу керектігін айтты. Бүгінде аталған жобаға қатысуға аудан бойынша ниет білдіруші тұрғындарды саны күннен-күнге артуда. Бұл - жобаның тұрғындар үшін аса қажет екенінің айқын дәлелі.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «AMANAT» партиясының қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасына өте жоғары баға беріп, Үкіметке бағдарламаның ауқымын кеңейтуді тапсырды.
Айқын бағыт-бағдар көрсетіліп, нақты тапсырмалар жүктелді. Ендеше жаңа белестерді бағындыруға жетелеп, ортақ мүддеге топтастыратын Жолдаудың жүйелі орындалуы үшін барымызды салайық.
Ел тұрғындарының өзекті мәселелері Жолдауда көрініс тапты және Президент айқын бағыт-бағдар көрсетіп, нақты тапсырмалар жүктеді. Ендігі кезекте бұл бастамалардың сапалы жүзеге асуына баршамыз бірге атсалысуымыз қажет.

Ғазиз ӘЛІШ,
«AMANAT» партиясы
Қазалы аудандық филиалының төрағасы
04 қыркүйек 2023 ж. 237 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 57

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 50

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930