Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлмамбет Ержановқа ҚР-ның құрметті құрылысшы төсбелгісі табысталды

Әлмамбет Ержановқа ҚР-ның құрметті құрылысшы төсбелгісі табысталды

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ардагер құрылысшы Әлмамбет Ержановтың шаңырағына арнайы барды.
Аудан басшысы қызығынан гөрі қиындығы басым мамандықтың қыр-сырын меңгерген ақсақалды ең әуелі 30 тамыз – ҚР-ның Конституциясы мерекесімен құттықтады.
Мұхтар Әуесұлы мұнан соң өз жылдарында аудан құрылысына бел шешпей адал қызмет еткен зейнеткерге «ҚР-ның құрметті құрылысшысы» төсбелгісін табыстап, иығына шапан жапты.
Осы салада 40 жыл қажырлы еңбек еткен Әлмәмбет ақсақал басынан өткен қызықты оқиғаларын баяндап, бүгінгі күні ауданда жүріп жатқан құрылыстарға оң бағасын берді.
Сондай-ақ, айтулы мерекеде елеп-ескеріп арнайы ат басын бұрған аудан басшысына алғысын білдіріп, ақ батасын берді.
Айта кетейік, Әлмамбет Ержанов еңбек еткен жылдарында аудандағы 18 пәтерлік үйлер, қазіргі Желтоқсан көшесінің бойында орналасқан 60 пәтерлік 5 қабатты 3 үй, 150 орындық теміржол ауруханасы, бу қазандығы орталығы және көптеген нысандардың бой көтеруіне маңдай терін төккен.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
31 тамыз 2023 ж. 187 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30