Шәкірт жүрегіндегі ұстаз
Өмірдің өзі де ұстаз. Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер.Әрбір көзі ашық адам сауатын ашу үшін ең бірінші ұстазға жүгінеді. Ал ұстаздың міндеті ештеңеден хабары жоқ шәкірттен тұлға дайындау.Мың ғасыр өтсе де ұстаздың аты және «ұстаз» деген ұғым өлген жоқ. Өйткені қай дәуір болмасын, ол қоғамға ұстаздың еңбегі керек-ақ. Тіпті зәру. Әр таңның атысы мен әр күннің батысы өзінің емес, сіздің қамыңыз үшін қамығып жүретін әрбір ұстаз атаулы жандардың еңбегін ұлы демей не дейсіз.
Тарыдай болып кірген күніңізден бастап мектеп қабырғасында сіздің еркелігіңізді көтеретін де, қателіктеріңізді кешіретін де, сабақ бере отырып сүйіспеншілікке баурайтын да, махаббатқа тәрбиелейтін де, өмір сүрудің қыр-сырын үйрететін де ұстаздар қауымы. Таудай болып шыққан күніңізде де талабыңызға тілекші болып отыратын тағы да ұстаз.Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шәкірті. Білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы әрі білімді шәкірт.Бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шәкірт үшін ұстаздың қуанышы сіз бен бізге елестетуге келмейтін сезім.
Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күні сізді құшаяқ жая қарсы алған аяулы жанның екінші анаңыздай болып кетерін сезініп көрдіңіз бе?! Әрине, жоқ. Бірақ әрбір күн өткен сайын жаныңыздан табылып, әр аптаның жеті күнінде жеті рет көрісіп, көңіл ұясына тұрақтап қалған ұстазға деген махаббат өлмек емес.Мамандық көп.Бірақ мамандықтың түрлі болғаны маңызды емес, қанша мамандық болса да сізді маман қылатын тағы да ұстаз. Мейлі сіз ғалым болыңыз, жұлдыз, тіпті беделді азамат, президент болып кетсеңіз де сізді осы өмірге жетелеген, осы шыңға жетуге себепші болған ұстазды ұмытуға қақыңыз жоқ. Оның еңбегін сыйлау, оған құрмет көрсету сол адамға деген сый-сияпат емес, сіздің тәрбиелі, тәлімді тұлға болғаныңыз. «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай хәкім айтпақшы, әрбір ісіңіз жеңіске жетіп жатса, оның артында ұстаздың бір тамшы болса да еңбегі бар.29 сәуір мен үшін ерекше күн болды.Неге десеңіз Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазалылық дарынды оқушылармен кездесуге келді.Мен сол дарынды оқушылардың қатарында едім.Маған министіріміздің қарапайымдылығы ұнады.Егер менің Мұстафа Матаев атындағы 170-орта мектептегі ұстаздарым Аймағамбетова Күләш,Татранова Шынар,Дәутова Гүлнара,Күрлен Анар,Рахметова Әлиядай ұстаздарым болмағанда осы тарихи сәт менің өмірімде болар ма еді?
Анар апайым қазақ тілі мен қазақ әдебиет пәні мұғалімі апайымыз бізге білім беріп қоймай өз ақыл мен тәрбилелікке баулуда.Анар апайымыз жарқын болашаққа кеңес беріп әрқашан оқушыларын жақсылыққа баулып биікке жетелеп келеді. Апайымнан көп өнеге үлгі алдым апай бізге әрқашан қолдау көрсетіп келеді.Күләш апайым ғылымдар патшасы математика пәнінің мұғалімі ұстазымыздың Қызылорда облысының білім беру саласын дамытудағы еңбегі үшін жергілікті ерекшелік белгісінің иегері, Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасы,Аудандық кезеңінің Үздік педагог-2021 сайысының жеңімпазы, Облыстық Жыл таңдауы-2019 номинацияларының иегері оның ұстазымыздың оқушысы Әзен Аяулым 2021-2022 оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеуден 133 балл алып ауданда ең жоғары баллды алып грант иегері атанды,ал Әзен Гауһар президенттік олимпиаданың жеңімпазы апайдың алгебра-геометрия пәнінде берген сабақтары мен үшін қызықты.Оның қойған қатаң талаптарының арқасында менің математикалық білімім артты пәнге қорқып емес қызыға қарадым ұстазым айтқандай «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға» дегендей өскелең ұрпаққа сапалы білім беру апайымыздың ұстанымы.Әлия апай физика мұғалімі ұстазымның маған сабырлылығы қатты ұнайды апайдың сабағында есепті шығаруға әрқашан қызығып асығып отырамыз.Апай бізге тек ақылын айтып сүйіспеншілікке баурап келеді.
Ал Шынар апайым тарих пәнінің мұғалімі Шынар ұстазымыз AMANAT партиясының алғыс хат,облыс білім бөлімдерінің алғыс хат, республикалық Тарих ата олимпиадасының жүлдегерлерінің жетекшісі Тарих ата олимпиадасының алғыс хат,Үздік тарих пәні мұғалімі-2022 номинацияларының иегері. Ұстазымыздың оқушылары ұлттық бірыңғай тестілеудің жоғарғы бар иегерлері,апайдың тарих шежірелерін айтқанда көз алдыма өткен күннің тарихы елестеп сол заманда болғанда күй кешемін.қателеспеймін.Гүлнара апай ағылшын тілі пәнінің мұғалімі апайым,әрі сынып жетекшім апайды өз анамдай көремін анамыздай бізді жақсы көріп әрқашан бізге өз ақылын айтып жақсы жолға сілтеп келеді.Апайымыз өз ісінің шебері білікті, білімді ұстаз десем қателеспеймін.
Ұстаздарымыздың оқушылары ұлттық біріңғай тестілеудің жоғарғы балл иегерлері,көптеген республикалық олимпиада жүлдегерлері.Менде болашақта өнегелі істердің куәсі болып болашақта ұстаздарым секілді мықты маман иесі болғым келеді.Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы дегендей ұстаздарыма шығармашылық табыстар тілей отырып әрқашан жүрегімде алтын әріптермен жазылған Ұстаз болатынын білдіргім келеді.
Азамат ӘБДІБАЙ