Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем

Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем

Қазалы аудандық орталық кітапхананың «Coworking» орталығында орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен ұстаздар күніне орай «Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнеге» атты танымдық кеш болып өтті.

Шараның мақсаты – ұстаз Молдабай Ақниязұлының сан жылдар бойы білім саласына қосқан үлесі және оның ұстаздық жолын қуған ұрпақтарын насихаттау. Оқырмандарға ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін түсіндіріп, ата-ана ұстаз оқушы арасындағы байланысты нығайту.
Молдабай Ақниязов Қазақстан Республикасы білім беру ісінің «Құрметті қызметкері», «КСРО –кәсіптік білім беру ісінің үздігі», «Қазақ КСР кәсіптік білім беру ісінің озаты», «Қазақстан Республикасының білім беру үздігі». Майдакөл ауылының тумасы Молдабай Ақниязұлы еңбек жолын 1963 жылдары Павлодар облысы, Екібастұз қаласында Вагон депосынан бастаған. 1975 жылы кәсіптік-техникалық училищеге директор болып тағайындалып, 1986 жылы Қазалы теміржол торабының оқу өңдірістік комбинатының директоры болды. 1990 жылы бұрынғы (№70 қалалық кәсіптік училище) №5 кәсіптік-техникалық училищеге қайта басшылыққа тағайындалды. Қазақстан Республикасы егемендік алған экономиканың құлдыраған ауыр кезендерінде училищені бітірген оқушылардың керегі болмай қалды, училище қажет емес теміржол кадрлері жеткілікті, училище жабылсын деген нұсқау болды. Училище басшысы М.Ақниязов бұл оқу орны жабылса, жергілікті жастар қайда барып оқиды деп, жоғарғы үкімет органдарына барып, училищені қысқартудан аман алып қалып, елдің алғысына бөленді.
Қазіргі таңда М.Ақниязов №5 кәсіптік лицей Ардагерлері кеңесінің төрағасы, лицей қоғамдық бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырушы, жастарды тәрбиелеуде аудан ардагерлер кеңесінің жұмысына белсене араласуда. Аталмыш шараны алғы сөзімен ашқан құрметті қонақ Молдабай Ақниязұлы «Ұстаз – ұлы тұлға. Ал оның еңбегі – өлшеусіз, баға жетпес құндылық» дей келе, ұстаз еңбегінің арқасында әкім де, қара да, ғалым да, дарын да, бәрі-бәрі өз биіктеріне көтеріле алтындығын, «Ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқаны жайлы сөз қылып, мың ғасыр өтсе де ұстаздың аты және «ұстаз» деген ұғымның өлмегенін, қай дәуір болмасын, ол қоғамға ұстаздың еңбегі керек екендігін, тіпті сіздің қамыңыз үшін қамығып жүретін әрбір ұстаз атаулының еңбегінің ұлы екендігін сөз етті.
Кеште ардагер ұстаздар Серік Баймен, Гүлжаһан Шалболова кеш кейіпкерінің еңбек жолына тоқталды. Кітапханамыздың тұрақты оқырманы Жолдыбек Баймағамбетов және Қазалы көлік-техникалық жоғары коллледжінің кітапханашысы Сәуле Сүгірова Ақниязовтар отбасына ақ жарма тілегін жолдап, алдағы қызмет жолдарында тек шығармашылық табыс тіледі. Молдабай Ақниязұлының ұрпақтарының он бірі ұстаздық жолды таңдаған. Кешке қатысқан ұрпақтары Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектепің география пәні мұғалімі Асқар Ақниязов, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде аға өндірістік оқу шебері Мұхтар Ақниязов, жары Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектептің кітапхана меңгерушісі Эльмира Ақниязова, №266 мектеп-лицейде информатика пәнінің мұғалімі Нұрболат Молдабай, Ержігіт Бозғұлов атындағы №№249 мектеп-лицейдің инженер- технигі Ерлан Молдабай және жұбайы осы мектепте орыс тілі пәні мұғалімі Айида Жубаева, Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектепте информатика пәнінің мұғалімі Мағжан Молдабай әкелеріне арнап жылы лебіздерін білдірді. Немерелері Аружан мен Айару Молдабай ата-әжесіне арнап, «Алғыс», келіні Эльмира Ақниязова әке туралы әнін орындап қошеметке бөленді.
Шарада Кенттік клуб үйінің қызметкері Рақымжан Мақсатбаев пен аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Ақгүл Назарова әуезді әндерін шырқап кештің сәнін кіргізді. Кешті кітапхана директоры Индира Әбілқасымқызы қорытындылап, Молдабай Ақниязовқа сыйға кітап ұсынды. Ардагер ұстаз Молдабай Ақниязұлы естелікке кітапхана қорына кітаптар табыстап, барша кешке атсалысқан жандарға ақ батасын берді. Шара соңында «Ұстаздар – ұлы тұлғалар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды.
Ақгүл СЕРІКҚЫЗЫ,
Қазалы аудандық орталық
кітапхананың кітапханашысы

11 қазан 2022 ж. 601 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930