Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғам тыныштығы басты назарда

Қоғам тыныштығы басты назарда

Жуырда аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссия отырысы өтті. Оған аудан прокуроры Д.Әбіш, аудандық полиция бөлімінің бастығы Б.Кабизов, комиссия мүшелері, кент, қала, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен мектеп директорлары қатысты.
Комиссия отырысында 2022 жылы аудан көлемінде құқық бұзушылық профилактикасы бойынша атқарылған жұмыстардың тиімділігі және алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан прокурорының орынбасары Ғ.Сағатов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Б.Кабизов, аудан әкімінің орынбасары К.Назымбеков, аудандық білім бөлімінің басшысы Ә.Жөлекешов хабарлама жасады.
Отырыста аудан прокуроры Д.Әбіш оқушылардың түнгі уақытта ата-аналары немесе заңды өкілдерінсіз жүруін тоқтату, мектептерге дабыл қондырғыларын толық орнату, топтық төбелестің алдын алу, қылмыстың алдын алуға қатысты билбордтар мен бейнероликтер әзірлеп, жариялау ұйымдастыру мәселелерін көтеріп, әр сала бойынша құқық бұзушылықты болдырмау бағытында ұсыныстарын жеткізді.
Комиссия отырысын қорытындылаған аудан әкімі М.Әуесұлы халықпен кері байланыс орнату басты міндет екенін, қылмысты болдырмау үшін қоғам болып бірлесе жұмыс атқару қажеттігін жеткізді. Қала мен кентте істен шыққан бейнекамераларды іске қосып, сапалы жұмыс жасауын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ аудан басшысы комиссия отырысында айтылған кемшіліктер мен сын-ескертпелерден оң нәтиже шығарып, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруды және тиісті шараларды күшейтуді жүктеді.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
10 қаңтар 2023 ж. 213 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 75

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930