Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Келелі өткен кездесу

Келелі өткен кездесу

29 маусым күні Сыр өңірінің «AMANAT» партиясынан сайланған депутаттарымен Астана қаласында өткен республикалық форумға қатыстым. Республика бойынша 2500-ден астам депутаттар қатысқан жиын жоғары деңгейде өтті.
Форумның бірінші кезеңінде «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-министр Әлихан Смайылов, Мемлекеттік хатшы Ерлан Карин секілді азаматтар баяндама жасап, халық пен мәслихаттардың арасын жақындатуға, елдің әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне аянбай жұмыс жасау керектігін айтты.
Мұнан соң жаңадан құрылған Абай облысынан,Қарағанды қаласынан, Жаңаөзеннен, Алматыдан келген әріптестер кезек-кезек сөз алып, халықтың мұң-мұқтаждарын көтерді.
Форумның екінші кезеңінде түрлі секциялар бойынша депутаттар мен министрлердің кездесуі өтті. Жалпы форум барысында депутат ретінде Батыс Қытай-Батыс Еуропа тасжолының Қызылорда облысы мен Ақтөбе облысы ортасындағы күре жолдың қиындығын, көлік апаттарының көптігін көтердім.

Арғын ОРЫМБАЕВ
Қазалы аудандық мәслихатының депутаты, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, форум делегаты
01 шілде 2023 ж. 384 0

Берекелі жәрмеңке

29 қазан 2025 ж. 180

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031