Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев билігін Қошановқа тапсырды

Тоқаев билігін Қошановқа тапсырды

Президент Amanat партиясынан шығып, төрағалығын тоқтатты. "Бүгіннен бастап Amanat партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым. Бұл қадамның символдық мәні бар. Осы орайда, Президент сайлауында маған сенім артып, қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғысымды айтамын. Сондай-ақ, жауапты сәтте партия тізгінін сеніп тапсырғандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін", - деді Президент съезде. 
Мемлекет басшысы осы орайда партия төрағасы лауазымына Ерлан Қошановты ұсынатынын айтты. "Мен партия төрағасы лауазымына Ерлан Қошановты ұсынамын. Оны баршаңыз жақсы білесіздер. Ерлан Жақанұлының ұйымдастыру қабілеті жоғары, тәжірибелі әрі білікті азамат", - деді Президент. Ерлан Қошанов Президент әкімшілігінің жетекшісі қызметін атқарады.

26 сәуір 2022 ж. 631 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 115

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031