Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда «Қоғам. Тұлға. Отбасы» атты форум өтті

Қазалыда «Қоғам. Тұлға. Отбасы» атты форум өтті

Қазалы аудандық Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығында «Қоғам. Тұлға. Отбасы» атты форум өтті.
Аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық қоғамдық даму бөлімі, аудандық әйелдер мен аналар кеңесі және Басықара ауылдық клубы бірлесіп ұйымдастырған шараға келген қонақтарды отбасылық ансамбльдер ән айтып қарсы алды. Мұнан соң жергілікті кәсіпкерлердің көрмесі ұйымдастырылды.
Форумды аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ашып, қай заманда, қай елде болмасын отбасының адамзат ұрпағына ықпалы мен әсерін өмірдегі еш нәрсенің күшімен салыстыруға келмейтінін айтты.
Мұнан соң облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Мансұрқызы мен Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Айбек Дайрабай сөз алды.
Ал Қазалы қаласындағы №16 мектеп-лицейдің «Әкелер» кеңесінің төрағасы Ертай Алғашбаев, «Рауан» инклюзивті білім беру орталығының директоры Қуанышкүл Дәулетиярқызы, «Kaussar Koldau» жекеменшік мекемесінің директоры, психолог және медиа-тренер Жания Бисенова қоғамдағы отбасының маңыздылығына тоқталды.
Сонымен бірге, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы облыстық Аналар кеңесінің мүшелері Галина Щербакова, Галия Гизатуллина және Светлана Крюгер шараға қатысып, пікірлерін ортаға салды.
Шара соңында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев үздік отбасыларды марапаттады. Атап айтар болсақ, «Үздік дәрігерлер әулеті» бағамы «Наршабаевтар» отбасына бұйырса, «Үздік кәсіпкерлер әулеті» номинациясына «Қаниевтер» отбасы лайық деп танылды. «Үздік теміржолшылар әулеті» Рзалиевтер отбасы, «Ынтымағы жарасқан әулет» номинациясын Өтегеновтер отбасы иеленді. Сонымен қатар, «Үздік спортшылар әулеті» Сидоренколар отбасына және «Үздік өнерпаздар әулеті» номинациясы Изеевтер отбасына бұйырды.
Одан бөлек, «Еңбекқор әйел» номинациясымен «Талды-аша» шаруа қожалығының жетекшісі Гүлсім Бодықоваға, «Қайсар Ана» бағамы Ақмарал Жанұзақоваға берілді.
Шарада аудан әкімінің «Алғыс хатын», облыстық әйелдер кеңесінің, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі мен облыс әкімі жанындағы әйелдер істері, отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның «Алғыс хатын» иеленгендер де болды.
Кеш «Әжелер» ансамблінің «Жолыққан қандай жақсы» әнімен қорытындыланды.
01 шілде 2023 ж. 272 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930