Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғам мүлкіне қырын қарамасақ...

Қоғам мүлкіне қырын қарамасақ...

Үлкен елдің арманы да үлкен. Қазақстан өз алдына енші алып, тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері дамудың даңғыл жолына түсе бастағаны байқалады. Бұрынғы көзге қораш көрінетін ауылдардың ажары артып, әсем құрылыстар бой көтеруде. Соның ішінде аудан орталығы – Әйтеке би кенті жыл санап көркіне көрік, сәулетіне сәулет қосып, құлашын кеңге жайып келеді.
Айтылған сөзіміздің айқын дәлелін кенттің орталық көшелерін бір сәт жаяу жүріп, аралай қалсаңыз анық ұғынасыз. Соңғы кезде салынған заманауи жобадағы ғимараттар мен еңселі тұрғын үйлер әдемілігімен баурап, жүрекке нұр төгеді. Бұдан бөлек іргелі көшелер бойына ашық футбол алаңдары мен спорттық жаттығу құралдары орналастырылып, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасалғаны қуантады.
Жарасамды шаруа жалғасын табу үстінде. Олай дейтініміз, бұрындары кент әкімдігінің кеңсесі аузындағы жалғыз ғана орталық алаң дәтке қуат саналатын. Негізі түрлі мерекелік жиындарда жұртшылық әліге дейін сонда басқосып жатады. Қазіргі күндері бұдан басқа халықтың демалып, серуендеуіне арналған осындай қоғамдық орындар қатары көбейе түскен. Мен білерде соңғы мезгілдерде адамдардың ауанына қарай сейілдеуіне бейімделген «Мелиоратор» мөлтек ауданындағы Жаңқожа батыр көшесінде, аталған көшенің Архив мекемесі тұсында, Әйтеке би көшесіндегі «Тәуелсіздік монументі» жанында, Қ.Пірімов көшесінің сол қанатында, Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті аралығындағы «Рәміздер алаңы», 5-ші квартал аумағындағы Жетес би көшесінде, 18 пәтерлі 6 жалдамалы үйдің күнбатыс бетінде жайлы алаңдар пайда болды.
Теміржолдың солтүстік тұсында тұратындардың бірі болғандықтан жақында кешкілік «Қызыл ипотека» аталып кеткен қос қабатты көрікті үйлер жанындағы орын тепкен, жаңа демалыс – серуен алаңына бардым. Кенттің кіреберісіндегі асфальтті күре жол етегіндегі ауқымды жерді алып жатқан алаңқай көзге жылы ұшырайды. Биік тұғыр үстіндегі «Құтты мекен Қазалы» деген жазу алыстан менмұндалайды. Сапалы бардюрмен бедерленген жүргінші жолы, айналаға жарық берген шар пішінді аппақ шамдар, қаз-қатар қойылған орындықтар, темірден соғылған дүңгіршектер орналасыпты. Сырты арнаулы дайындалған торланған қоршаумен бекітілген футбол алаңында жас өскіндер доп қуалап жүр. Балалар алаңы мен дене жаттығуларын жасауға бейімделген бірнеше құрылғылар маңында бүлдіршендерін ойнатып, бой сергіткен жандарды көрдім. Болашақта алаң ортасына саялы ағаштар мен әртүрлі гүл сұрыптарын отырғызу жұмыстары қолға алынса, нұр үстіне нұр бола түсер еді. Жаңадан жасалған демалыс алаңы ойымнан шығып, оған көңілім толды.
Жалпы өзімізді қоршаған ортаның сұлулығына не жетсін?! Сондықтан да келешекте қаншама қаржы жұмсалып, көптің игілігіне берілген, кент көлеміндегі жоғарыдағы аталғандай орынның тазалығына жаппай жіті мән берсек. Ондағы электр құрылғылары мен басқа да мүліктерді бүлдірмей, жанашыр көзқараста болайық. Бұл іске түнемелік полиция инспекторлары бақылауды күшейтіп, жастардың орынсыз қылығын байқаған үлкендер тоқтау айтайық. Осылайша ортақ қазынамызды қызғыштай қорғау жағын ұмыт қалдырмағанымыз жөн. Жаңа толқын – ұлдарымыз бен қыздарымыз шетелдегідей көше мәдениетін сақтау тәртібін санасына сіңіріп, жақсы үрдіске бой ұруды үйренсе деймін. Баршамызға тиімді сәулетті нысандарымыз ешқашан бүлінбесін. Қайта туған жерімізге келген қонақтарға көтеріңкі көңіл – күй сыйлап жатса, сіз бен біздің мерейіміз екенін сезіне жүргеніміз ләзім.
Сахи ҚАПАР,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
27 маусым 2023 ж. 142 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930