Тазалық жұмыстары жалғасуда
Қашанда туған жердің таза да көрікті болуы өзіміз үшін атты принціпті ұстанған табиғатқа жанашыр азаматтардың қатысумен тазалық айлығын тиімді ұйымдастыру мақсатында, Әйтеке би кентінде жоспарлы жұмыстар күнделікті атқарылуда.
Осыған орай әрбір ұжымға бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Кенттің шет аймағынан бастап орталық көшелер мен әлеуметтік нысандар айналасының барлығы толығымен қамтылуда. Көктемнің әрбір күнін қалт жібермей ұтымды пайдалануды әдетке айналдырған азаматтарымыз қолдарына құрал-саймандарын алып, мерзімінде мемлекет жұмыстарымен қатар қоғамдық шараға ұйымшылдықпен өз үлестерін қосып келеді. Сенбі күнгі сенбілікте Әйтеке би көшесі мен саябақ ішіне кент әкімдігіне қарасты балабақшалар мен кенттік клуб ұжымдары, Жанқожа кесенесінде кент әкімдігі аппараты, Водокачка жолына Арал-Сарыбұлақ мекемесі, 5 кварталдағы Қара май көліне ТД-23, ВЧД-6, қазақ және орыс қорымына №165, №204 мектептер мен Қ.Ерімбет көшесінде Қазалы-Су-Сервис мекемесі, Михайлюк көшесіне Қазалы көліктік-техникалық колледжі,Мектепбай каналы аумағына ШЧ-40, Қазалы станция мекемелері тазарту жұмыстарын жүргізді. Бұдан басқа көшелер мен аймақтарда білім, денсаулық саласына қарасты іргелі ұжымдардың барлығы жоғары деңгейде атсалысуда. Аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер тарапынан кенттің сырт аймағындағы ашық алаңдар тазартылуда.
Әйтеке би кенті әкімдігінің фейсбук парақшасынан