"Өзімді өзгеден кем сезінемін". Витилигоға шалдыққан қазақстандықтар қалай өмір сүреді?
Қазақстанда 15 мыңнан астам, ал әлем бойынша 60 миллион адам витилиго ауруына шалдыққан.
Витилиго – ең аз зерттелген аурулардың бірі. Оған шалдыққан адамдардың денесінің әртүрлі бөлігінде дақтар пайда болады. Аурудың физикалық денсаулыққа зияны жоқ болса да, психологиялық жағдайына теріс әсер етіп, фобияға душар етеді. Осы орайда дәрігерлер мен науқастар аурудың қыр-сыры туралы әңгімеледі.
Алматы қаласы алғаш рет 13-ші Дүниежүзілік витилиго күнінің халықаралық штаб-пәтері болып таңдалды. Оны 24 маусымда атап өтеді. Мақсаты – бұл аурумен ауыратын адамдарға заманауи әдістердің қолдана отырып емделуге, қоғамнан алшақтамай өмір сүруге көмектесу.
"Витилиго – созылмалы инфекциялық емес тері ауруы. Ол меланоциттердің бұзылуынан туындаған терінің, кейде шаштың пигменттенуінің бүлінуі арқылы көрініс табады. Меланоцит – теріге түс беретін меланин шығаратын жасушалар. Олар теріні зиянды ультракүлгін сәулелерден қорғайды және ағзаның гомеостазына қатысады", – деп түсіндірді дерматовенеролог, медицина ғылымдарының кандидаты Сәния Оспанова.
Витилигоны сирек кездесетін ауру түріне жатқызуға болмайды. Себебі әлемде 60 миллионнан астам адам осындай дертке шалдыққан. Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда үш жыл ішінде дерматологиялық мекемелерге 15 мыңнан астам адам жүгінген. Көрсеткіш бұдан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін, себебі көптеген адам ұялып дәрігерге қаралмайды, өз ауруын қоғамнан жасырғысы келеді.
"Бала кезімде осы үшін көп жыладым, адамдар мазақ етті. Өзімді жек көрдім, ұсқынсыз санадым. Тіпті, өз-өзіме қол салу туралы ойлар да болды. Тұйықталып, тіпті, туыстарымның алдында ашық киім киіп, дақтарымды көрсетуге ұялдым", – деді модель Меруерт Құрмет.
Ауру кез келген жаста пайда болуы мүмкін, бірақ әдетте бұл жағдай жиырма жасқа дейін дамиды, яғни көптеген бала витилигомен өмір сүреді. Меруерт бұл дертке үш жасында шалдыққан. Алғашқы дақтар қолында пайда болып, екі жыл ішінде бүкіл денесіне тараған.
"Науқастың психосоматикалық жағдайы мен өмір сүру сапасына байланысты патологияның баяу немесе жылдам дамуын анықтауға болады. Терінің дақтану процесінің пішінін, ағымын және таралуын болжау мүмкін емес. Дақтардың таралу процесінің өздігінен тоқтап және терінің қалыпты түске келуінің сирек жағдайлары кездескен. Бірақ көп жағдайда ауру белгілері күшейіп, дақтар көбейеді", – дейді дәрігер Оспанова.Мамандар витилигоның өте ерекше ауру екенін айтады. Негізінен патология тұқым қуалайтын сипатқа ие, бірақ, сонымен бірге, ауру меланоциттердің туа біткен "ақауларынан", ағзаның аутоиммунды реакцияларының, күнге күю, нашар экология, химиялық заттар және эмоционалды күйзеліс сияқты факторлардың әсеріне байланысты меланоциттердің жойылуынан да пайда болады.
"Бір дақ байқалса, адамдар тек соған қарап тұратындай көрінетін. Кейбіреулер "ой, байқұс-ай", деп мүсіркейді. Сұлулық салонына маникюрге келген кезімде, шебер менің дақтарымды көріп, қолғап кие бастайды. Осының бәрінен өзімді кем сезінемін", – деді Лилия Мамиева.
Көптеген адам аурудан хабары болғандықтан, оны науқаспен байланысу арқылы таралады деп санайды. Шын мәнінде, мұндай ерекшелігі бар адамдардан оқшауланудың қажеті жоқ, сіздің өміріңізге және денсаулығыңызға ешқандай қауіп төнбейді. Себебі, витилиго жұқпалы ауру емес.
"15 жасымнан бастап витилигоны емдей бастадым. Халық медицинасына жүгіндім. Әжем спирт пен жаңғақтан тұнба жасап беретін, көмектеспеді. Әртүрлі медициналық құралды қолданып көрдік, бірақ ештеңе нәтиже бермеді. Менде аурудың күшейме түрі, қазір терінің зақымдануы 70 пайызды құрайды", – дейді Мамиева.
Аурудың тарихына келетін болсақ, витилиго туралы алғашқы естеліктер біздің дәуірімізге дейінгі 2000 жыл бұрынғы индуизмнің, буддизмнің қасиетті кітаптарында, сондай-ақ ежелгі мысырлықтар мен парсылардың медициналық трактаттарында кездеседі. Ежелгі уақытта ауру көбінесе алапестің макулярлы түрімен шатастырылған және витилиго, алапес, теміреткі және псориаз арасында нақты жіктелу болмаған, сөйтіп олар бір санатқа жатқызылған. Ұзақ уақыт бойы бұл аурумен ауыратын адамдарды стигматизациялауға Библияның еврей тілінен ежелгі грек тіліне дұрыс аударылмауы себеп болды, онда витилиго деген сөз "алапес" деп аударылды.
Ауруды мұқият зерттеу XIX ғасырдың ортасында ғана басталды. Сол кезде неміс дерматологы Генрих Кебнердің витилигоны сипаттаған баяндамасы шықты. Кейінірек 1842 жылы норвегиялық дерматологтар Даниэль Даниэлсон мен Карл Боек бұл аурудың алапестен айырмашылығын ғылыми түрде дәлелдеп, оны жеке нозология ретінде анықтады. Ал витилигоның пайда болуы мен дамуы және оның көріністері туралы теориялар тек соңғы онжылдықтарда пайда болды.
"Біздің еліміздің дерматологтары витилигоны емдеудің жоғары тиімді әдістерін енгізу бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Егер 2010 жылы Қазақстанда бір ғана фототерапиялық қондырғы болса, 2022 жылы "ауруды емдеудің алтын стандарты" 13 орталықта жүргізілді. Фотокабиналар мен жергілікті Kernel аппараттары тіркелген және қолданылады. Бұл витилигоның әртүрлі формасы мен локализациясын емдеуге өте ыңғайлы", – деп атап өтті дәрігер Сәния Оспанова.
Бүгінде Қазақстанда фототерапия үш республикалық және 10 облыс орталықтарында қолданылады. Кешенді емдеудің тиімділігі өте жоғары, витилигомен ауыратын науқастардың шамамен 35 пайызы терінің түсін қалпына келтірудің 70 пайызынан астам көрсеткішіне, ал 10 науқас клиникалық сауығуға қол жеткізді.
2015 жылдан бастап Қазақстанда витилигоны хирургиялық жолмен емдеу әдістері енгізілді. Ол жасуша элементтері мен шаш фолликулаларының өспейтін эпидермальды суспензиясын трансплантациялау арқылы жүзеге асырылады. Бүгінде отандық дәрігерлер осындай 133 ота жасады. Серпінді нәтиженің үлгісі ретінде бет терісінің 100 пайызға дейінгі репигментациясын атап өтуге болады.