Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Газет-журнал сататын дүңгіршектер неге жабылып жатыр

Газет-журнал сататын дүңгіршектер неге жабылып жатыр

Елімізде газет-журнал сататын дүңгіршектердің сұранысқа ие еместігінің себебі айтылды, деп хабарлайды inform.kz.
«Елімізде газет-журнал сататын дүңгіршектер (киоск) неге жабылып жатыр? Себебі мемлекеттік қолдау жоқ. Аталған саланы қолдау үшін, субсидия керек. Онсыз мәселе шешілмейді. Өйткені, газет-журнал сататын дүңгіршектердің (киоск) шығыны көп. Бұл мәселені біз қайта қарастыруымыз керек», - деді Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақов «Масс-медиа» туралы заң жобасын талқылау барысында Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап бере тұрып.
Айта кетейік, бүгін Мәжіліс «Масс-медиа» туралы заң жобасы талқыланды. Оның барысында белгілі болғандай, отандық БАҚ саласында баспасөз картасы жүйесі енгізілмек.
Сондай-ақ, биыл елімізде журналистердің құқығы мен бостандығы туралы ұлттық баяндама әзірленеді.
Жиын барысында БАҚ және тілшілерді сотқа беру мерзімі 3 жылға дейін қысқартылатыны айтылды.
Одан бөлек, Мәжіліс депутаты БАҚ өкілдеріне мәртебе беріп, тұрғын мәселесін шешу туралы ойын ортаға салды.
19 маусым 2023 ж. 255 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 77

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930