Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында менингит дертіне шалдыққан бір адам анықталды

Қызылорда облысында менингит дертіне шалдыққан бір адам анықталды

27 жастағы Жаңақорғандық азамат жұмыс орнында басы айналып, есінен танып қалған. Тексере келе одан менингококты вирус табылды.
Қазір науқас Жаңақорған аудандық ауруханасында жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр екенін айтуда. Тіпті бір тәулік бойы өздігінен тыныстай алмай, жасанды дем беретін аппаратқа қосулы болған. Қайта бүгін беті бері қарап, одан ажыратты. Жұқпалы дерттің жайылып кетпеуі үшін мамандар аудандағы барлық үйді аралап жүр. Дереу екпе алуға үгіттеп жатыр. Ал вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған 15 адам дәрігерлер бақылауында. Жақсылық Абдулсаметов, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары: -Жұмыс орнынан 11 азамат, отбасынан 4 азамат қарым-қатынаста болған болып бақылауға алынды. Қазіргі таңда отбасындағы бір мүше алдын алу шараларын ұйымдастыру үшін жұқпалы аурулар бөліміне бақылауға жатқызылды.
01 маусым 2018 ж. 1 766 0

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 157

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 117

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 111

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930