Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада вирусты гепатитке шалдыққандар көбейген

Қызылордада вирусты гепатитке шалдыққандар көбейген

Қызылорда қаласында ата-аналарының түбегейлі бас тартуы салдарынан түрлі ауруларға қарсы егуден тыс қалған балалар саны артып тұр. Қазір олардың саны 82 баланы құрайды. Бұл жөнінде ҚазАқпарат Қызылорда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгінде Қызылорда қаласында А вирусты гепатитінің эпидемиологиялық ахуалы тұрақсыз деп бағаланып отыр. Өйткені, оған шалдыққан оқушылар қатары өсуде. Үстіміздегі жылы мұндай 9 ауру дерегі тіркелген еді. Ол былтыр бар-жоғы 4 деректі құраған. Осыған орай қазір қала мектептерінде тексеріс шаралары жүргізілуде. Талапқа сай емес білім ошақтарына хаттама толтырылған.
«Аталған науқасқа шалдыққан оқушылардың жұқпалы вирусты А гепатитіне қарсы егілмегені белгілі болды. Аурушаңдықтың алдын алу мақсатында жоғарыда аталған мектептерде эпидемиологиялық көрсеткішке байланысты қарым-қатынаста болған 14 жасқа дейінгі 961 баланың 751-не екпе егілді. Екпенің тиімділігі туралы мектеп басшылығымен бірлесе отырып, одан бас тартқан ана-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - дейді Қызылорда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира
03 наурыз 2018 ж. 1 183 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 132

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930