Ас - адамның қуаты
“Ас - адамның қуаты” демекші қазақ халқы ертеден ас-ауқатқа аса мән берген. Қысқа қарай соғым сойып, ерекше дайындық жасаған. Көшпелі жұртымыз ат үстінде жүрсе де түрлі тағамдар жасай білген.
Дегенмен сонғы кездері көптеген ұлттық тағамдарымыз ұмытылып бара жатыр.
Ет, қуырдақ, көже бұл біз жақсы білетін тамақ түрлері.Бұдан басқа да көбірек тұтынатын тағамдар бар.
Ал мипалау, шалжығар, томыртқа атты тамақтарды естігенсіз бе?
Сіз көрмеген, тіпті естімесенізде бұл қазақтың ұлттық тағамдары. Олай болса осы астар туралы айтып өтейін.
Мипалау ең дәмді тағамдардың бірі. Өзі аты айтып тұрғандай мидан жасалынады. Оны дайындау үшін піскен бастың миын, желке-шүйдесін, екі көзін, бастың құйқасын алып, ұсақтап турап алады да, үстіне шамалап сорпа құйып барлығын араластырады. Артынша қымыз немесе айран қосса да болады.
Шалжығар тағамының жасалу жолы өте оңай. Жаңа сойылған қойдың етін құйрық, өкпе-бауырын түгел қарынға салады. Содан кейін тұз, бұрыш секілді дәмдеуіштерді қосады. Сарымсақ, пиязды да салып қарынның аузын тігіп, оттың шоғымен тұрған шұнқырға салып, топырақпен бастырып тастайды. Қойдың асық жілігінен түтік жасап,қарынға салып қояды. Бұл еттің демі шығып тұру үшін жасалынады.
Келесі кезекте ұмыт қалқан астың бірі томыртқа.Ет жегеннен кейін,сорпаға да кезек келеді. Сол кезде сорпаға 1 түйір мұз қосып жіберсе,томыртқа дайын болып шыға келеді. Мұз салған сон,ыстық сорпаның дәмі өзгеріп, одан әрі дәмді болады.
Ал сіз ұмытылып бара жатқан қандай тағамдарды білесіз?
Тоғжан ШОРА,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
университетінің студенті