Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл Қызылорда облысында 200 мың гектар жерді мемлекетке қайтару жоспарлануда

Биыл Қызылорда облысында 200 мың гектар жерді мемлекетке қайтару жоспарлануда

Бұған дейін «Жер аманаты» комиссиясының шешімімен өңірде 157 мың га жер мемлекетке қайтарылды.
Өткен жылы «AMANAT» партиясының «Жер аманаты» жобасының арқасында Қызылорда облысында жалпы ауданы 157 мың га болатын 256 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Биыл 71,9 мың га қайтарылса, жыл соңына дейін барлығы 200 мың га жерді қайтару жоспарланып отыр. Бұл туралы «Жер аманаты» республикалық комиссиясының өңірдегі көшпелі отырысында айтылды, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
Өңірге жұмыс сапарымен келген «Жер аманаты» комиссиясы төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек, комиссия мүшесі, Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов, АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Айдос Абдрахманов Жалағаш және Сырдария аудандарында болып, Таң, Ақжарма елді мекендерінің тұрғындармен және шаруа қожалық иелерімен кездесті.
Заңға еніп жатқан өзгерістер төңірегінде жергілікті тұрғындарға «Жер аманаты» комиссиясы төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарабек айтып берді.
«Жайылымдар туралы заңда өзгерістер өте көп. Мысалы «Қоғамдық жайылымдар» деген ұғым енгізіп отырмыз. Яғни, пайдаланылмай бос жатқан жайлымдық жерлерді ақпараттық базада қоғамдық жайылым деп енгіземіз. Бұл жер әкімдік тарапынан басқа біреулерге берілмейді. Мұнан бөлек конкурссыз жер беру мәселесін тоқтатуды қолға алдық. Конкурста сол ауылда кемінде 5 жыл тұрған азаматтар мен кооперативтерге қосымша балл берілу мүмкіндігін күшейтіп жатырмыз және үлескерлер үшін арнайы заң жобасын ұсынып отырмыз»,- деді ол.
Өз кезегінде комиссия мүшесі, Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін мемлекеттік қолдау шараларына тең қолжетімділік жағдай қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
«Сыр өңір – күріштің отаны екені белгілі. Елімізде реформалар жасалған кезде күрішті егіп, баптаудағы түрлі мәселелер ескерілмей қалады. Күрішшілер ерекше аграрлық жағдайға тәуелді: жер теп-тегіс, су молынан болуы керек, мелиорациялық жүйелер, арнайы техникалар қажет. Күрішшілердің көпшілігінде 20 гектарға дейін егіс салатын шағын шаруашылықтар. Мықты қымбат техниканы, қажетті химикаттар мен сапалы тұқымды ірі компаниялар ғана ала алады. Осы ерекшелікті ескеру керек. Шағын шаруашылықтар үшін де жабдыққа және қаржыландыруға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеу керек», - деді ол.
Сонымен қатар, «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері облыс орталығында азаматтарды қабылдады. Қабылдауға алғаш келген қала тұрғыны Алсан Жаназаров конкурс арқылы жер алу мәселесіне қатысты шағымын айтты.
«Мен конкурс арқылы беріліп жатқан ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді алуға жыл сайын қатысамын. Үнемі бизнес жоспарда көрсетілген соммасы жоғары адам жеңімпаз болып кетеді. Сонда, ақшасы аз, жаңадан шаруашылық бастайтын азамат жер алмауы керек пе? Осы конкурс тәртібіне өзгеріс жасалса», - деді ол.
Ал «Сәуле» шаруа қожалығының басшысы Сәулеш Қаниева болса, мемлекеттен субсидия алуға көмек сұрады.
Қабылдауға келген азаматтар саяжайлық жердің мақсатын нысаналы тұрғын үйге ауыстыру, үлестік жерді бөлудегі кемшіліктер, шару қожалығы төрағасын сайлау, азаматтарға тұрғын салуға берілетін жердің мерзімін ұзарту, кәсіпкерлік мақсатта пайдаланылып отырған жер көлемін ұлғайту секілді бірқатар мәселені алға тартты. Комиссия мүшелері әрбір тұрғынның өтінішін назарға алып, заңнамалық тұрғыда кеңес берді.
«Қазір Жер Кодексіне көптеген өзгерістер енгізілгелі отыр. Бұл тұрғындардың талап-тілегі негізінде болғалы тұрған өзгерістер. Заңгер ретінде тәжірибеден айтар болсам, азаматтардың басым бөлігінің мәселесі заңға келіп тіреледі. Сондықтан көптеген заңдардың қарапайым халыққа тиімділі жағын қарастырып жатырмыз. Үкімет қолдап, заңнамалық өзгерістер қабылданып жатса біраз мәселе шешімін табады»,-деді Бақыжан Базарбек.
Бұған дейін «Жер аманаты» республикалық комиссиясының бастамасымен әрбір ауылдық елді мекен үшін жайылымдық алқаптардың тапшылығын және мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелерінің тізбесі көрсетілген jerkarta.gharysh.kz интерактивті картасы әзірленген болатын.
Жалпы еліміз бойынша өткен жылы «Жер аманаты» комиссиясының тікелей көмегімен пайдаланылмай жатқан 5 млн гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Еске сала кетейік, жер мәселелерін жедел шешу үшін қазақстандықтар «AMANAT» партиясының 8 800 080 44 41 «Сенім телефоны» арқылы заң бұзушылықтың барлық фактісі туралы хабарлай алады. Өтінімдер WhatsApp арқылы да +7 700 800 44 41 нөмірі бойынша қабылданады.
06 маусым 2023 ж. 167 0

Қарғыс тиген қыз

13 шілде 2024 ж. 85

Қызы қылықты ел едік...

13 шілде 2024 ж. 69

Жиде жұпар шашқанда...

13 шілде 2024 ж. 85

Мәйітхана

13 шілде 2024 ж. 97

Бақыттың мәнін ұғынсақ

12 шілде 2024 ж. 97

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031