Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Биылғы жылдың маусым айында Президент тапсырмасымен «AMANAT» партиясының жанынан «Жер аманаты» комиссиясы құрылды. Оның мақсаты – пайдаланылмай бос жатқан және заңсыз бөлінген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару.

Мәселен, бүгінде еліміз бойынша 5 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылса, оның нақты 3 миллион гектары «Жер аманаты» комиссиясының тікелей араласуымен іске асып отыр.

Осы орайда бүгін аудандық филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясының отырысы өткізілді. Отырысты аудандық филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әліш Ғазиз Әлмамбетұлы ашып, жүргізді. Күн тәртібіне қойылған «Жер аманаты» жобасын іске асыру шеңберінде пайдаланылмайтын және заңсыз сатып алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесі туралы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Нұржаубайұлының хабарламасы тыңдалды. Қазіргі таңда, аудан көлемінде жыл басынан бері 16867 гектар болатын 26 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы мерзімі аяқталатын 23 жер учаскесі бойынша 4770,0 гектар жер анықталып, 700,0 гектар болатын 2 жер учаскесі бір жақты бұзу шартымен мемлекет меншігіне қайтарылғанын атап өтті.
Айта кетейік, отырысқа комиссия мүшелері Н.Жалғасбаев, Ә.Сарабеков, Е.Мұқаш, К.Әбілов, Д.Айтмамбет қатысты.
05 қаңтар 2023 ж. 625 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031