Ауданда күріш егу науқанына дайындық барысы назарға алынды
Aудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Е. Сейтов, «Қазсушар» Қазалы аудандық өндірістік учаскесінің директоры Н. Әбілдаев және сала мамандары күріш егетін шаруашылықтарды аралап, көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысымен танысты.Жұмыс сапары аясында егіс алқаптарының жағдайымен танысып, суару инфрақұрылымының әзірлік деңгейін, ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы және тұқым қорының жеткіліктілігін пысықтады. Сонымен қатар, шаруашылық басшыларымен кездесу өткізіліп, көктемгі дала жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға қатысты өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.
Кездесу барысында сала басшылары диқандардың еңбегіне жоғары баға беріп, алдағы егіс науқанында мол өнім алуға тілектестік білдірді. Өз кезегінде шаруашылық өкілдері биылғы маусымға дайындықтарының жоғары деңгейде екенін атап өтті.
Жалпы, аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарына дайындық жоспарға сәйкес жүргізілуде. Тиісті мекемелер тарапынан ұйымдастыру жұмыстары жүйелі түрде бақылауда.
@Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі














