Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр мен найзағай күтіледі

Еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр мен найзағай күтіледі

Фото: pixabay.com
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды.

Қазақстан аумағы бойынша жел күшейеді. Түнгі және таңғы уақытта тұман түседі, ал күндіз кей өңірлерде бұршақ пен дауыл болуы мүмкін.

«Циклондар мен антициклондардың өтуіне байланысты ауа райы жағдайының нашарлауы күтіледі, оның ішінде жауын-шашын, желдің күшеюі және соған байланысты қауіпті құбылыстар байқалады», делінген хабарламада.

Елдің батысында ауа температурасы +15...+25 градустан +10...+20 градусқа дейін төмендейді. Солтүстікте +11...+20 градустан +15...+20 градусқа дейін көтеріледі.

Шығыста ауа температурасы +15...+23 градустан +20...+28 градусқа дейін ауытқиды. Қалған өңірлерде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді.

Астанада ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, күндіз найзағай болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9–14 м/с, кейде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +5...+7°С, күндіз +12...+14°С.

Алматыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соққан жел 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15°С, күндіз +23...+25°С.

Шымкентте ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +10...+12°С, күндіз +20...+22°С.


05 сәуір 2026 ж. 76 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930