Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Айға адам ұшыру бағдарламасы 54 жылдық үзілістен соң қайта басталды

Айға адам ұшыру бағдарламасы 54 жылдық үзілістен соң қайта басталды

фото: egemen.kz
Айға аттанар күн жақын. 
АҚШ 54 жылдық үзілістен кейін Айға адам ұшыру бағдарламасын қайта бастады. NASA «Артемида-2» миссиясы аясында төрт ғарышкерді Айға жіберуді жоспарлап отыр.

Экипаж «Канаверал мүйісі» атты ғарыш айлағынан аттанбақшы. Алайда бұл жолы ғарышкерлер Ай бетіне қонбайды. Миссия бағдарламасына сәйкес, олар Айды айналып ұшып, шамамен он күннен кейін Жерге оралады. Ал Айға тікелей қону 2028 жылға жоспарланған. Бұдан кейін NASA Ай бетіне тұрақты экспедициялар ұйымдастырып, арнаулы база салуды көздеп отыр.

Сейсенбі күні өткен соңғы брифингте агенттік өкілдері ұшуға толық дайын екенін мәлімдеді. Егер ауа райы қолайлы болып, техникалық ақаулар тіркелмесе, «Space Launch System» зымыран-тасығышы мен «Орион» кемесі белгіленген уақытта көкке көтеріледі. Ал алғашқы талпыныс сәтсіз болса, алдағы алты күн ішінде қайта ұшырады.

Ғарыш бағдарламасының саяси және стратегиялық маңызы да жоғары. Саяси сарапшы Бернд Дебюссман айтуынша, Дональд Трамп аталған жоба арқылы президенттік беделін арттырып, ғарыштық бәсекеде ұпайын түгендеп алмақшы. «Бұған қоса ғалымдар Ай топырағында пайдалы қазбалардың барын анықтады. АҚШ оған бірінші қол жеткізгісі келеді. Қазір оның басты бәсекелесі – Қытай», дейді сарапшы.

Бұрынғы NASA басшысы Шон О’Киф те осы пікірді қуаттайды. Оның сараптауынша, Айда гелий-3 изотопының мол қоры бар. Бұл болашақта термоядролық энергетиканың негізгі отынына айналуы ықтимал. Сонымен қатар литий, платина секілді сирек металдар да кездеседі. Қазіргі нарықта бұл ресурстар бойынша Қытайдың ықпалы басым екені белгілі.

Айта кетейік, адамның табаны Ай бетіне алғаш рет 1969 жылы Аполлон-11 миссиясы барысында тиген еді. Сол кезде америкалық ғарышкер Нил Армстронг адамзат тарихында тұңғыш рет Жер серігіне жол тартқан адам болды.

05 сәуір 2026 ж. 67 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930