Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Партияның "Ауыл аманаты" және "Жер аманаты" жобалары комиссия отырысында қаралды

Партияның "Ауыл аманаты" және "Жер аманаты" жобалары комиссия отырысында қаралды



«Бүгінде Президент тапсырмасына сай партия бастамасымен жүзеге асып жатқан «Ауыл аманаты» мен «Жер аманаты» жобалары көпшілікпен жылы қабылданып, қолдау табуда.

Бүгін партияның Қазалы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Сарабеков Әділбек Сербайұлының төрағалығымен комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Комиссия отырысының күн тәртібіне үш мәселе қойылып, қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша партияның аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының жаңа құрамы бірауыздан бекітілді. Бұдан соң күн тәртібіне қойылған екінші мәселе партияның «Жер аманаты» жобасын іске асыру шеңберінде Қазалы ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесі туралы аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің жер секторының меңгерушісі Ысқақ Мереке Дәуренбекұлының хабарламасы тыңдалды. Бекітілген жоспарға сәйкес 2023 жылдың 1 қарашасына дейін Қазалы ауданынан 34 000 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылуы тиіс екенін айтқан Мереке Дәуренбекұлы қазіргі таңда, аудан көлемінде жыл басынан бері 22 886 гектар болатын 28 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылып, жоспардың 67 пайызға орындалғанын, тиісті жұмыстар жасалып жатқанын жеткізді.

Күн тәртібіне қойылған үшінші мәселе ауыл халқының жағдайын жақсартуға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Қуатов Сапарбек Қыстаубайұлының хабарламасы тыңдалды. Партияның «Ауыл аманаты» жобасы қатысушыларға 2,5% ғана құрайтын төмендетілген сыйақы ставкасы бойынша шағын несие беруді көздейді. Бөлім басшысының орынбасары Сапарбек Қыстаубайұлының хабарламасы негізінде Қазалы ауданы бойынша пилоттық жобаға таңдап алынған Қарашеңгел, Құмжиек, Ақжона, Аранды, Арықбалық ауылдық округтерінен жобаға қатысуға ниет білдірген тұрғындарға Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мамандарымен бірлесе отырып жоба ұсынушыларға бизнес жоспар жасау, кепіл мүлкін саралау, несие тарихын зерделеу,кепілге қойылатын жылжымайтын мүліктің несие тарихын зерттеу жұмыстары жасалыну керектігі т.б өзге де мәселелер түсіндіріліп, нақты бағыт-бағдар беріліп отырғаны, осы орайда ауыл әкімдіктерімен және арнайы жауапты мамандарымен тығыз жұмыстар жасалынып отырғаны айтылды.

Күн тәртібіне қойылған екінші, үшінші мәселелер бойынша хабарламашыларға комиссия мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынып, ұсыныстар айтылды.
#AMANAT
02 маусым 2023 ж. 977 0

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 88

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 92

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 58

Алқаптағы алғашқы орақ

13 қыркүйек 2025 ж. 107

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 151

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930