Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ойын алаңдары ойландыратын осал тұсымыз емес пе?

Ойын алаңдары ойландыратын осал тұсымыз емес пе?

Есін біле бастаған кішкене ер баланың болмысында болашақ ел тұтқасын ұстар атпал азамат, қыз баланың бойында ибалы да, аяулы аналар қасиеті қалыптасуы тиіс екендігі айтпаса да түсінікті.
Жас өскіндердің үлкен өмірге бағыт алуына тал бесіктен бастау алатын отбасы тәрбиесінен бастап балабақша, мектеп, қоғам өміріндегі бала тәрбиесіне арналған барша қажеттіліктердің әрбірінің орны айрықша. Солардың бірі – қыркүйек айында мектеп табалдырығын аттап жылға жуық шаршап-шалдығып сабақ оқудан қажыған ойын баласының жазғы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізуге арналған – балалардың ойын алаңдары. Ойын – баланың бос уақытын пайдалы өткізуіне, өзге жат қылықтарға алаңдамауына, ой-өрісінің, дене мүшесінің дамуына, жалғыздық, тұйықтық, өзгелерден оқшалану, Құдай бетін аулақ қылсын күйзеліс, суицид дейтін жат қылықтардан аулақ қылуға жетелейтін өтпелі балғын кезеңнің ең тиімді жолы. Ал, бұл мәселе аудан көлемінде толық шешімін тапқан ба? Мамандар сөзіне құлақ түріп көрейікші.
– «Ақылы балалар ойын алаңын, ойын орталығын есепке алмай-ақ қояйық, – дейді Әйтеке би кенті әкімдігінің ұйымдастыру бөлімінің басшысы Тәуіржан Құлмұратов. Балалармыздың бос уақыттарында бойын жазып, ойы бөлінуіне септігін тигізетін қажетті құралдарымен жабдықталған ойын алаңдарына деген мұқтаждық бар. Кент көлемінде ойын алаңдары «Мелиоратор» мөлтек ауданында Жанқожа батыр көшесінде, Счастнов көшесіндегі бес қабатты үйлердің ортасында Қ.Пірімов көшесіндегі МК-86 мекемесінің бұрынғы кеңсе ғимаратының қапталында орын тепкен. Осылардың ішінде бес қабатты үйлер арасындағы ойын алаңы талапқа сай келеді десек болады. Ал, кезінде талапқа сай салынып, «Жаңақала» пәтер иелері кооперативінің жауапкершілігіне берілген, «Мелиоратор» мөлтек ауданындағы, Жанқожа батыр көшесіндегі ойын алаңдарының қазіргі жай-күйі сын көтермейтіні, шын мәнінде сыры да, сыны да кете бастағаны рас. Қоршауы бүлінген орындықтары жұлынған, әткеншектері үзілген, айналасы қоқысқа толы.
Екінші жағынан бала тәрбиесі баршаға ортақ болғасын, мемлекет қамқорлығы сол аймақтағы барлық балалардың игілігіне арналғаннан кейін, бұған сол жердің халқы, үлкендер де белсенділік танытып, жауапкершілікпен қарағаны абзал. Бұл ойын алаңдары тек орталықта ғана орналасқан десекте шеткі аймақтар саналатын 5-ші кварталда, Аймақашта, тұрғындар тығыз орналасқан өзге де тұстарда оған деген мұқтаждық басым. Мәселен, №204, 165, 234 мектептер жанында бос жерлер болғанымен балалар жүгіретін, арнайы сызықпен сызылған жүгіру жолдары, ойын алаңдары қарастырылмаған. Ал, күні ертең балалардың жазғы демалысы басталмақшы. Бұл да ойланарлық мәселе десек, артық айтқандық болмас. Ұсыныстар беріліп жатса, неге қолға алмасқа?!».
Қазалы қаласы әкімінің орынбасары Алмат Әбілханның да пікірі осыған саяды. Ойын алаңдары қарастырылғанымен, мұқтаждықтың бар екендігін алға тартады.
«Мақұл сөзге мал да маңырайды» дейді атамыз қазақ. Мамандар сөзіне мақұл демеске, айтқан сөзін ақыл демеске амал да жоқ.
Әлімжан ӘЛКЕБАЙҰЛЫ,
Әйтеке би кенті
19 мамыр 2018 ж. 2 020 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930