Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Неліктен түнге таман тамақ жегіңіз келеді?

Неліктен түнге таман тамақ жегіңіз келеді?

Жұмыстан шаршап келгенде өзіңізді қуантқыңыз және демалғыңыз келеді. Бұл мақсатта дәмді, көбіне зиян тамақтар жегенді жөн көресіз. Сондай-ақ кейде енді ұйықтайын деп жатырғанда бірдеңе жегіңіз келіп, тоңазытқышқа барасыз. Алайда бұл күшіңізді алады және денсаулығыңызға әсер береді. Неліктен түнде тамақ жегіңіз келеді?

Әр тамақтану арасындағы уақыттың ұзақ болуы, сапалы ақуыз бен майды қажетті мөлшерде жемеу, қарапайым көмірсуларды артық жеу – бұлардың барлығы жылдам энергия бергенімен, тойдырмайды. Таңғы ас пен түскі асты дұрыс ішпеу кешкі аста қатты тойып алуға апарады. Ал кешкісін тойып тамақ жегеннен кейін таңертең қайтадан тамақ жегіңіз келмей, бөлке нан мен 1 стақан шай ішіп қана жүре бересіз.

Сондықтан тойымды таңғы ас ішуді қолға алыңыз. Ол толыққанды болуы керек: ақуыздар, майлар және көмірсулар. Таңғы ас сізге күні бойына жететін күш береді. Ал кешкі асқа көкөністер және басқа да жеңіл тамақтар жеңіз. Сондай-ақ кешкі асты ұйықтарға 3 сағат қалғанда ішіп алған дұрыс.

Циркадты ырғақтың бұзылуы
Заманауи заманда табиғи жарық күн аяқталған кезде бізді жасанды жарықтар қоршайды. Жасанды жарықтандыру, әсіресе, көк спектр (жарықдиодты шамдар, ұялы телефондар, теледидарлар, планшеттер) циркадты ырғақты және ішкі биологиялық сағатты бұзады. Ол ағзаның барлық жүйесіне қазір күндіз деген белгі береді және аштық сезімін оятады.

Эмоционалды тұрақсыздық
Кешкі жоғарғы тәбет жиі эмоционалды тұрақсыздықпен, мазасыздықпен және депрессиямен байланысты. Созылмалы күйзеліс аштық гормоны – грелиннің бөлінуін арттырады. Ағза күйзелісті калория орнын толтыру қажет физикалық жүктеме ретінде қабылдайды.

Бұл проблемадан арылу үшін денеңізбен жұмыс істейтін күйзеліске қарсы түрлі техникаларды байқап көріңіз. Медитация, пилатес, табиғатта серуендеу, массаж, сурет салу, йога, жүзу, параққа өзіңізді мазалайтын нәрселерді жазу және әрине, сізді қолдайтын жақын адамдарыңызбен кездесу күйзелістен арылуға көмектеседі.

13 мамыр 2023 ж. 154 0

Мен таңдаған мамандық

30 қараша 2024 ж. 29

Отыз жылдық белес

30 қараша 2024 ж. 37

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930