Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Арықтаудың 10 сыры

Арықтаудың 10 сыры

"Мінсіз дене бітіміне барар жол ауыр болу керек" деп кім айтты? Аштық жарияламай-ақ арықтауға болады екен. Тек оның сырларын біліп жүрсеңіз болғаны.

Дұрыс тіскебасар
Қарныңыз аша қалғанда шоколад пен қуырылған картоп жеудің орнына, пайдалы жеміс-жидек, жаңғақ, сыр жеген дұрыс.

Теледидарға "жоқ" деңіз!
Теледидарға қарама-қарсы отырып тамақтанғанда сіз 40%-ға артық калория жеп үлгересіз. Сондықтан ғажап "қорапты" кешкі ас кезіне өшіре салыңыз. Сондай-ақ кітап оқу, телефонмен сөйлесу сияқты басқа да көңіл алаңдатын заттарды тамақтанғанша шетке қоя тұрғаныңыз дұрыс.

Салмағыңызды жиі өлшеп тұрыңыз
Күнделікті салмағыңызды өлшеп тұру салмақты қадағалап тұруға көмектеседі. Мынандай қулық жасаңыз. Таразыны тура тоңазытқыштың қасына қойыңыз. Осылайша әр кез дәмді бір нәрсе жегіңіз келіп тұрғанда, ол сізді тоқтата алады. Аптасына 3 рет жаттығу жасаңыз Көрдіңіз бе, тіпті күнде емес, аптасына 3-ақ рет! 15 минуттық жаттығулар да денеңізді шымыр ұстауға көмектеседі. Спортпен шұғылдану зат алмасуды тездетеді: демек денеңізде көбірек калорияны жою мүмкіндігі пайда болады.

Тамақ туралы ойламаңыз
Тәтті бәліш ойыңыздан кетпей ме? Ойыңызды басқа нәрсеге аударыңыз. Құрбыңызға қоңырау шалып соңғы жаңалықтармен бөлісіңіз, не жұмысқа кірісіңіз. 5 минут бойы көңіліңізді алдасаңыз, ары қарай ешқандай бәлішті еске алмайсыз.

Таңғы ас ішіңіз!
Диетолог мамандардың ортақ ойы - таңғы асты қалдыруға болмайды. Таңғы асыңыз тойымды, дәмді болуы тиіс. Сонда күні бойы қарныңыз ашпай, тоқ жүресіз.

Жеміс жеңіз
Күніне екі рет жеміс жеуді әдетке айналдырыңыз. Ондағы қант жайлы уайымдамасаңыз да болады. Ол расында біздің шайға қосатын қант емес, ағзаға зияны аз немесе мүлдем жоқ фруктоза мен басқа да көмірсулар.

Су ішіңіз
Су - табиғи түрде арықтауға көмектесетін арзан құрал. Күніне 2 литр су ішсеңіз, ағзаңыз тазаланып, жаңарып, теріңіз жайнап, зат алмасуыңыз тездейді.

Ұйқыны қандырыңыз
Күнделікті ұйқысы қанбайтын адам ағзасына жетпей жатқан энергияны тамақпен алмастырады. Сондай-ақ ұйықтамаған адам ылғи ашулы болады. Ал стресс тағы да артық тамақтың желінуіне себеп болады.

Армандаңыз
Мінсіз салмаққа қол жеткізген сәтіңізді көз алдыңызға елестетіңіз. Қандай киім киіп, қандай сұлу болатыңыз жайлы армандаңыз. Келесі жолы майлы, пайдалы емес тағам жегіңіз келіп қалғанда осы бейнені еске алыңыз.

01 шілде 2019 ж. 173 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031