Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы ауданының әкімі Ғ.Мұратбаев және Құмжиек ауылдарына барды

Қазалы ауданының әкімі Ғ.Мұратбаев және Құмжиек ауылдарына барды

Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев жұмыс сапарымен Ғ.Мұратбаев және Құмжиек ауылдық округтеріне барды.
Ең алдымен аудан басшысы Әйтеке би кенті мен Ғ.Мұратбаев ауылына баратын жолдың құрылысымен танысты. Жұмысқа жауапты мердігер мекеме қызметкерлерімен кездесіп, жолдың сапалы болуын және уақытылы аяқталуын тапсырды.
Мұнан соң Мұхтар Әуесұлы ауылдан жаңадан ашылған кварталда салынатын тұрғын үйлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарын көрді. Мұндада аудан басшысы мердігер мекеме – «Универсал Строй Сервис» ЖШС мамандарына жұмысқа асқан жауапкершілікпен қарау қажет екенін ескертті. Қазіргі таңда ауыл әкімшілігі ғимараты ағымдағы жөндеуден өтіп жатыр. Қызу шаруаның басына барған аудан әкімі жұмыстың сапасына баса назар аудару қажет екенін айтты.
Сонымен қатар округтегі саябаққа да аялдап, ауыл әкімі Абай Рыстығұлға елді мекен ішіндегі жүріп жатқан барлық жұмыстарды қатаң бақылауға алуын тілге тиек етіп, тазалық жұмыстарына да мән беру керек екенін сөз етті.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың жұмыс сапары Құмжиек ауылдық округінде жалғасты. Мұнда саябақ пен ойын алаңдарының жайымен танысып, ауыл әкімі Әділхан Әбіловке тиісті жұмыстарды қолға алуды тапсырды.
19 мамыр 2023 ж. 477 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031