Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тянь-Шань мұздықтарының еру жылдамдығы артқан. Оның Қазақстанға әсері қандай?

Тянь-Шань мұздықтарының еру жылдамдығы артқан. Оның Қазақстанға әсері қандай?

Мұздықтардың еруі Памир тауларында да байқалады.
Тянь-Шань мұздықтарының еру жылдамдығы артқан. Бұл туралы Душанбе қаласында өтіп жатқан Климаттың өзгеруі мәселелеріне арналған Орталық Азия конференциясында Тәжікстандағы климаттың және озон қабатының өзгеруін зерттеу орталығының басшысы Саттор Саидов айтты.
Оның сөзінше, Орталық Азия өңірінде климаттың өзгеруінің маңызды салдарының бірі – таулардағы мұздықтардың еруі. Егер Памир тауының мұздықтары біршама баяу еріп жатса, ал Тянь-Шань тауларындағы мұздықтардың еру жылдамдығы арта түскен.
"Аталған мұздықтар географиялық тұрғыда Тәжікстан аумағында орналасқанымен, оның салдары Орталық Азия елдерінің бәріне сезіледі. Ең біріншіден, өңірдегі ауа райы өзгереді. Бұл шаруалар үшін өте қауіпті. Мысалы, олардың малды жайылымға шығару мерзімін өзгертуіне тура келеді. Сондай-ақ, климаттың құбылуына байланысты флора мен фаунаның өзгеруі де ықтимал. Өзендердегі су арнасының толуы су тасқындарының жиілеуіне де әкеледі", – деді Саттор Саидов.
Сондай-ақ, ол мұздықтардың еруіне тартылған Арал теңізінің табанынан ұшқан тұз айрықша ықпал етіп отырғанын атап өтті.
Бүкіләлемдік банктің өңірлік директоры Татьяна Проскурякованың айтуынша, өңірдегі климаттың өзгеруі қазірдің өзінде байқалып жатыр. 2022-2023 қыстың айрықша суық болуы, өңірдегі жауын-шашын мерзімінің құбылуы, жердің шөлейттенуі – климаттың өзгеріп жатқанының көрінісі.
Еске салайық, Климаттың өзгеруі мәселелеріне арналған Орталық Азия конференциясы биыл бесінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Екі күнге созылатын конференцияда Орталық Азиядағы климаттың өзгеруіне қатысты су, энергетика, сауда және экологиялық мәселелер талқыланады.
16 мамыр 2023 ж. 718 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 119

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 107

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930