Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде мал иелері үшін пайдалы мобильді қосымша әзірленді

Елімізде мал иелері үшін пайдалы мобильді қосымша әзірленді

«TortTulik» ауыл тұрғындары үшін ақпараттық хабқа айналады
Қазақстанда 1 маусымнан бастап ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне арналған «TortTulik» мобильді қосымша іске қосылады. Жобаны Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-дегі экономикалық саясатты талдау орталығымен бірлесіп әзірледі, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, қосымша Ауыл шаруашылығы жануарларының базасын кеңейтуге, сондай-ақ әрбір жануар иесіне (ШҚ, ЖШС, ЖҚШ және т.б.) өз малын түгендеуге көмектеседі. Сондай-ақ қосымшаның арқасында ветеринариялық дәрігерлер ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды уақтылы және толық көлемде жүргізуге мүмкіндік алады.
«Қосымша смартфонда онлайн және офлайн режимінде жұмыс істейді. Интернет болмаған жағдайда, бағдарлама желіге қосылғаннан кейін деректер жаңартылады. Бағдарлама арқылы ветеринариялық төлқұжат алуға болады және болашақта малды сатып алу-сату, жоғалтқан таңбаны ауыстыру, сондай-ақ сойғаннан кейін жануарды есептен шығару рәсімдерін жасауға болады», - делінген АШМ хабарламасында.
«TortTulik» ауыл тұрғындары үшін ақпараттық хабқа айналады. Сондай-ақ мобильді қосымшада саланың соңғы жаңалықтарын тарату мүмкіндіктері, алдағы вакцинация туралы хабарламалар және т.б. бар.
«Қосымша жаңартылған сайын ет сатып алушыларға арналған бөлім енгізілетін болады. Қазақстандықтар «sogym.kz» қосымша бетінде тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден жануардың ветеринариялық бақылауынан өткен тұтас етіне тапсырыс бере алады», - делінген хабарламада.
Әзірге «TortTulik» қосымшасы Android Playmarket-тен жүктеуге қол жетімді болады, әзірлеушілер кейін iOS-тағы смартфондарға бейімделеді. Айта кетейік, бүкіл ел бойынша 1,5 млн мал иесі мобильді қосымшаның әлеуетті пайдаланушылары болады деген болжам бар.
05 мамыр 2023 ж. 135 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031