Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда мерекелер тізімінен барлық кәсіби мерекелер алынып тасталды

Қазақстанда мерекелер тізімінен барлық кәсіби мерекелер алынып тасталды

"Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы қаулысына одан барлық кәсіби мерекелерді алып тастайтын өзгерістер әзірленді, деп хабарлайды zakon.kz.
Себебі әкімшілік реформа аясында үкімет өз өкілеттіктерінің бір бөлігін министрліктер мен басқа да мемлекеттік органдарға берді.
Кәсіби мерекелер туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, кәсіби мерекелерді қоспағанда, мереке күндерінің тізбесін Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейді. Кәсіби мерекелердің тізбесін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, яғни Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекітеді.
Енді Еңбек министрлігі өзінің нормативтік құжаттарымен мынандай кәсіби мерекелерді бекітетін болады:
  • Медицина қызметкерлері күні;
  • Мұғалімдер күні;
  • Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні;
  • Полиция күні;
  • Ғылым қызметкерлері күні;
  • БАҚ қызметкерлері күні;
  • Мемлекеттік қызметші күні;
  • Металлург күні;
  • Құрылысшылар күні;
  • Шекарашы күні;
  • Ұлттық валюта күні және т.б.
Үкімет бекіткен мереке күндерінің тізімінде мына күндер қалады:
  • Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан;
  • Алғыс айту күні – 1 наурыз;
  • Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні – 4 маусым;
  • Ұлттық домбыра күні – шілденің бірінші жексенбісі;
  • Абай күні – 10 тамыз;
  • Спорт күні – тамыздың үшінші жексенбісі;
  • Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні– 29 тамыз;
  • Білім күні – 1 қыркүйек;
  • Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі;
  • Қазақстан халқы тілдері күні – 5 қыркүйек;
  • Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі;
  • Қарттар күні – 1 қазан;
  • Нан күні – 16 қазан;
  • Энергия үнемдеу күні – 11 қараша;
  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні – 1 желтоқсан;
Құжат 19 мамырға дейін қоғам болып талқылау үшінАшық НҚА сайтында жарияланды.

04 мамыр 2023 ж. 397 0

Тиісіп қоймады ғой

15 сәуір 2024 ж. 78

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930