Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 3 жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Елімізде 3 жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Қазақстанда мерекелік күндердің тізбесінде 3 атаулы мереке пайда болуы мүмкін. "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізілмек.

Тізімге келесі кәсіби мерекелер қосылатын болады:

Қазақстан кәсіпкерлері күні – 9 қыркүйек;

Жарнама маманы күні – 19 желтоқсан;

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні – 16 сәуір.

"Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жаңа мереке бекіту жөніндегі бастама жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен елдің осы саладағы негізгі қоғамдық-саяси күштерінің шоғырлануын айғақтайтын болады", делінген құжатта.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні туралы құжатты қоғамдық талқылау мерзімі – 2 тамызға дейін болса, Кәсіпкерлер мен жарнама мамандарының күні туралы құжатты талқылау мерзімі 8 тамызға дейін деп көрсетілген.
25 шілде 2022 ж. 624 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930