Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жергілікті органдар бос жер телімдері туралы ақпаратты тоқсан сайын жариялауға міндетті

Жергілікті органдар бос жер телімдері туралы ақпаратты тоқсан сайын жариялауға міндетті

Жер кодексіне енгізілген өзгеріс бойынша жергілікті атқарушы органдарға жаңа міндет жүктелді, деп хабарлайды inform.kz.
Жоғары аудиторлық палата баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылғы маусымда жер ресурстарының ұтымды басқарылуын, пайдаланылуын және қорғалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ геодезия және картография саласындағы жер ресурстарының басқарылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілген.
Оның барысында Жер кодексінде жергілікті атқарушы органдарға бос жатқан жер телімдері туралы ақпаратты жариялау талаптарының жоқтығы анықталған.
Осыған байланысты ҚР Үкіметіне Жер кодексіндегі олқылықтарды жою мәселесін қарау туралы ұсыным берілді.
Осылайша Жер кодексінің 43-бабының 1-1-тармағына өзгерістер енгізілді.
Оған сәйкес жергілікті атқарушы органдар бос жер учаскелері мен жоспарланып отырған сауда-саттық жөніндегі ақпаратты мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында, өздерінің интернет-ресурсында және халыққа қолжетімді жерлердегі арнаулы ақпараттық стендте деректерді тоқсан сайын жаңартып отыру кезеңділігімен жариялауға міндетті.
28 сәуір 2023 ж. 205 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 85

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930