Бекітілген кестеге сәйкес тақырыптық қабылдау өтті
Бүгін аудандық партия филиалында бекітілген кестеге сәйкес жер телімдерін табыстау және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселесі бойынша тақырыптық қабылдау өтті.
Қабылдауға келген тұрғындар бақшалық мақсатта жер алу, кезектілік бойынша алған жердің мерзімін ұзарту, кәсіпкерлік мақсаттағы жер, тұрғын үй және әлеуметтік мәселелер тақырыбында өтініштерін айтты.
Келіп түскен өтініштер бойынша заңдылық негізінде тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді. Сондай-ақ, әлеуметтік желі арқылы келіп түскен өтініштер қабылдау барысында талқыланып, бақылауға алынды.
Айта кетейік, қабылдауға аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Нұрғиса Жалғасбаев, Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров және аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов қатысты.
#AMANAT